.

Овуляция | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Овуляция

Мазмұны

Овуляцияға үйде тест өткізу

Тест қалай орындалады?

Тестке қалай дайындалу қажет?

Тест не үшін өткізіледі?

Қалыпты нәтижелер

Қауіптер

Назар аударыңыз.

 

Овуляция бірізді гормондық үрдістердің салдарынан болады. мида орналасқан гипофиз ФСГ (фоликул түзілуін ынталандыратын гормон) және ЛГ (лютеиндейтін гормон) гормондарын бөледі, олар қан ағынымен аналық безге түседі.

Бұл  гормондар аналық бездің біреуінде ұрық жасушаның жетіліп, босатылуына белгі береді.

Талшықтардың қозғалуы ұрық жасушасына жатыр түтікшесі арқылы жатырға өтуіне көмектеседі. Ұрық жасуша сперматозоидпен ұрықтанады немесе ұрықтанбаған болса, ыдырайды.

Овуляцияға үйде тест өткізу.

Овуляцияға үйде тест өткізу әйелдерге етеккір айналымы кезінде жүкті болуының жоғары мүмкіндігін анықтауға көмектеседі.

Тест несепте ЛГ (лютеиндейтін гормон) артуын анықтайды. Бұл гормонның артуы аналық без ұрық жасушасын бөлгендігін білдіреді. Үй жағдайында бұл тест ұрық жасушаның қашан босатылып шығуын анықтау үшін қолданылады. Бұл тестілер көптеген дәріханаларда сатылады.

Тест қалай орындалады?

Овуляцияны анықтайтын жиынтық 5-7 тестілік жолақтармен біріледі. Олар бірнеше күн бойы ЛГ деңгейінің көтерілуін анықтауға қажет. Тестіні бастау күні етеккір айналымының ұзақтығына байланысты. Мысалы, қалыпты айналым 28 күн болса, ЛГ деңгейін етеккір басталғаннан кейін 11-ші күні тексеру қажет. Тест жолаққа несеп тамызу қажет, немесе тест-жолақты зарасыз ыдысқа жиналған несепке салу керек.

Тест-жолақ белгілі бір түске боялады немесе басқа оң нәтиже береді, егер гормонның көтерілуі анықталса.

Оң нәтиже дегеніміз – овуляция жуырдағы 24-36 сағат ішінде болатындығын білдіреді, бірақ, бұл нәтиже барлық әйелдерде бірдей сенімді болмайды. Жиынтыққа кіретін нұсқаулықта нәтижелерді қалай түсіндіруге болатындығы айтылады.  Тесті уақытылы жасалмаса, овуляцияны өткізіп аласыз. Етеккір айналымы тұрақты болмаса да гормонның көтерілуін анықтай алмайсыз.

Тестке қалай дайындалу қажет?

Тестіні қолдану алдында көп сұйықтық ішуге болмайды.

Тестіні қолдану алдында кейбір дәрілерді ішуді тоқтату қажеттігі туралы дәрігерден сұраңыз.

ЛГ көрсеткішін төмендетуі мүмкін препараттардың құрамында эстроген, прогестерон, тестостерон болады. Эстрогендер мен прогестерон ұрықтануға қарсы таблеткаларда және гормонды алмастыру емдеуінде болады.

Кломифен цитраты (Кломид) препараты ЛГ деңгейін көтеруі мүмкін. Бұл препарат овуляцины шақыруға көмектесу үшін қолданылады. Бұл препаратты қабылдайтын әйелдер дәріні қабылдауды тоқтатқаннан кейін үш күн өткенде ЛГ тексеруіне болады.

Тест не үшін өткізіледі?

Бұл тест әйелдерге овуляцияның уақытын анықтау үшін қажет. Етеккір айналымы 28 күнді құрайтын әйелдерде бұл 11-14 күндер аралығында. Егер етеккір айналымы тұрақты болмаса, тест жиынтығы овуляция қашан болатындығын анықтауға көмектеседі.

Овуляцияны анықтау кейбір дәрілердің мөлшерлемесін таңдау үшін де қажет.

Қалыпты нәтижелер

Оң нәтиже «ЛГ көтерілуін» көрсетеді. Бұл жуыр уақытта овуляция болатындығының белгісі.

Қауіптер

Сирек, жалған теріс нәтижелер болуы мүмкін. Бұл тест жиынтығы овуляцияны қате анықтағандығын білдіреді.

Назар аударыңыз!

Егер ЛГ көтерілуін анықтай алмасаңыз немесе жиынтықтың көмегімен бірнеше ай бойы овуляцияны анықтап, жүкті бола алмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Мүмкін, сізге бедеулікті емдейтін дәрігердің кеңесі қажет болар. 

 

Source: https://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/007062.htm

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.