.

Паратұмау (Парагрипп) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Паратұмау (Парагрипп)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Парагрипп вирусы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустар тобына жатады.  

 

Себептері

Парагрипп вирусының төрт түрі бар, олардың бәрі ересектер мен балалардың жоғарғы, төмен тыныс алу жолдарының инфекциясын (пневмония) туындатуы мүмкін. Вирус қыспақты қабынуды,  бронхиолитті, бронхитті туындатуы мүмкін.

Парагриппке жыл сайын шалдығатын адамдардың нақты саны белгісіз, жоғары екендігі белгілі. Кейде вирус мұрынның бітуімен немесе басқа симптомдармен көрініс береді, олар парагрипп емес, суық тию секілді анықталады.

Вирус күз-қыс кезеңінде кең таралады. Парагрипп жас сәбилерде ауыр түрде болады, жас өскен сайын қауіптілігі азаяды. Мектеп жасындағы балалардың көпшілігі парагрипп вирусына бейім. Ересектердің көпшілігінде вирусқа антиденелер болады, яғни, оларда иммунитет бар, бірақ, қайтадан жұқпаланудан сақтамайды.

 

Симптомдары

Парагрипптің симптомдары инфекция түріне қарай ерекшеленеді. Суық тиген кездегідей, жиі симптомдары – мұрынның бітелуі және жеңіл жөтел. Бронхиолит секілді өмірге қауіпті симптомдары жас сәбилерде және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда болады.

Жалпы симптомдары:

  • Кеудедегі ауырсыну
  • Қыспақ (дауыстың қарлығуы, шулы тыныс алу, қарлықпа жөтел)
  • Қызба
  • Мұрынның бітелуі
  • Ентігу
  • Көмейдегі ауырсыну
  • Мұрынның ағуы

 

Диагностика

Көмейді қарағанда ауырсынуын, бездердің ісінуін және қызаруын байқауға болады. Тыныс алу фонендоскоппен тыңдауда дәрігер өкпедегі сырылды және крепитацияны (сықырды) анықтайды.

Зерттеулердің түрлері:

  • Қанның жалпы талдауы
  • Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
  • Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы
  • Мұрын сілемейінен жұғынды алу

 

Емдеу

Вирустық  инфекцияның телімді емдеу түрі болмайды. Қыспақ пен бронхиолит белгілерінде тыныс алуды жақсарту үшін емдеу тағайындалады.

 

Аурудың болжамы

Үлкен жастағы балалар мен ересектердің көпшілігі, егде жастағы адамдар мен иммундық жүйесі әлсіз адамдардан басқасы емдеусіз де жазылады, медициналық араласу тыныс алу жеткіліксіздігі дамығанда қажет болуы мүмкін.

 

Мүмкін асқынулары

Қосалқы бактериалдық инфекциялар – кең таралған асқынулары. Қыспақ пен бронхиолит кезіндегі тыныс алу жолдарының бітелуі өмір үшін қауіпті жағдай болуы мүмкін.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Өзіңізде немесе балаңызда сырыл, тынысы тарылу, немесе тыныс алу қиындауының басқа белгісі болса, дәрігерге көрініңіз. 18 айлық жастан кіші балада жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануының симптомдары дамыса, дәрігермен хабарласыңыз.

 

Алдын алу

Парагриппке қарсы вакцина болмайды. Эпидемия кезінде көпшіліктің шоғырланған жерінен алшақ болу қажет.

Бала бақшаға бармайтын балалар вирустық ауруларға сирек ұшырайды.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.