.

Перикардит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Перикардит

Бұл не? Перикардит - бұл жүректі қоршап қорғап тұратын қапшық перикардтың қабынуы. Перикардит жүрекпен перикардтың арасында сұйықтықтың түзілуіне әкелуі мүмкін (перикардтықсарысу жалқық).

Перикардиттің себебі. Вирусты жұқтыру-перикардиттің ең жиі таралған себебі болып табылады.Басқа да маңызды себептеріне миокард инфаркті,сонымен қатар жүректің ревматикалық зақымдалуы жатады.Перилакардит –бактериалді инфекция нәтижесінде-жүректің ревматикалық зақымдалуы, сифилис, туберкулез сонымен бірге жай ғана саңырауқұлақтар жұқтырып алу. Бүйрек жетіспеушілігінен несепнәр (мочевина) жиналуына байланысты пайда болатын уремия –перикардитке әкелуі мүмкін. Радиотерапия, қатерлі ісік және операцияда перикардит себебі болуы мүмкін.

Перикардит симптомдарына жатады: кеуденің ортасында және сол жағындағы қатты және кенеттен болатын мойынға, арқаға, иыққа және қолға тарайтын ауру сезімі. Терең тыныс алу, қозғалыс жиі ауру сезімін күшейтеді. Отырған қалыпта және алға еңкею ауыру сезімін басады. Басқа симптомдар - температураның шамалы көтерілуі, жалпы әлсіздік немесе шаршау сезімі, деепрессия және шамалы есінің бұлыңғырлығы.

Перикардит диагностикасы электрокардиография көмегімен жүргізіледі. Рентгенологиялық зерттеу перикардтағы сұйықтықты анықтауға мүмкіндік береді. Перикардитті емдеуде қабынуды және ауыру сезімін басатын дәрілік препараттар, бактериальді инфекцияда - антибиотиктер тағайындалады. Егер сұйықтық жиналған ошақ болса жою керек (дренаждау).

Салдары. Перикардит жүрекке еш зиян тигізбей өтеді. Бірақ перикардит кезінде сұйықтық тез жиналса, жүрекке келетін қысым жоғарылап, жүректің тоқтауына әкелетін жүрек тампонадасын шақыруы мүмкін. Жедел перикардит қалыпты жүрек жұмысына кедергі келтіретін тыртық қалдыруы мүмкін. Осындай жағдай хирургиялық араласуды қажет ететін констриктивті перикардит деп аталады.

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.