.

Пирсинг - салудағы қауіпсіздік ережелері | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Пирсинг - салудағы қауіпсіздік ережелері

Егер сіз өзіңізге тату немесе пирсинг жасатқыңыз келсе, сізге кеңес берген ұсынған студияға барыңыз.

Келесілерге көз жеткізіңіз және сұраңыз:

  • Студия таза ма? Барлық құрам сонымен қоса жуынатын бөлме міндетті түрде таза болуы керек.
  • Студия стерилизациялық процедураның қандай түрін қолданады? Бұл рәсімдер сипатталған ба немесе нұсқаулықтар бар ма? Сұраңыз.
  • Қайта қолданатын қолданатын құралдарды стерилизациялауға арналған автоклав қолданыла ма? Автоклав- қыздыру арқылы стерилизациялайтын машина. Көп реттік қолданылатын құралдар міндетті түрде стерилизацияланып, стерильдік контейнерге салынып нақты стерилизация күні көрсетіліп сақталуы керек.
  • Пирсингке қолданылатын инелер стерильденген бе? Инелер стерильді пакетте сақталуы керек, бір рет қана пайдаланылып қолданылғаннан кейін қауіпсіз контейнерге тасталынуы керек.
  • Тату немесе пирсинг жсаушы адам қандай дайындықтан өтуі керек?
  • Тату немесе пирсинг жасаушы адам стерильді қолқап кие ме? Әрбір процедураға жаңа стерильді қолқап пайдалануы керек. Қолқап киер алдында қолын жуғанына көз жеткізіңіз. Процедура барысында телефонмен сөйлессе немесе басқа нәрселермен айналысса қолғабын ауыстыруын сұраңыз.
  • Процедура барысында пирсингке арналған пистолет пайдалана ма? Ешқашан пистолеттің көмегімен пирсинг жасатпаңыз. Бұл құралдар асқыну қаупін тудырады, себебі процедура арасында стерильденбейді.
  • Пирсингке қандай әшекейлер қолданады? Тек аллергенді емес әшекейлер қолданыңыз. Жаңадан жасалған пирсингке тек хирургиялық тот баспайтын болат, алтын, күміс, ниобиум,титаннан жасалған әшекей пайдаланады.
  • Никелден немесе жезбен қапталған әшекейді пайдаланбаңыз.
  • Қолданылмаған және автоклавта стерильденбеген әшекейді пайдаланыңыз.

Әлі де пирсинг индустриясы ретке келтірілмеген, денсаулық сақтау саласы сияқты бұларда гигиеналық стандартқа сай, тату тәжірбиесінің қауіпсіздігіне кепілдік беруі керек. Сіз барғалы жатқан немесе қызметін пайдаланып жүрген студияға шағымдардың болуын сіздің қалалық денсаулық сақтау департаментінен немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен тексеріңіз.

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.