.

Подагра | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Подагра

Мазмұны

Подагра дегеніміз не?

Симптомдары

Себептері және қауіп факторлары

Емдеу

Подагра ұстамасы болмас үшін не істеу қажет?

Асқынулары

 

Подагра дегеніміз не?

Подагра – несеп қышқылының кристалдарының бір немесе бірнеше буындарда жинақталуымен сипатталатын артриттің түрі. Несеп қышқылы организмдегі пуриннің ыдырауының соңғы өнімдері. Бұл заттек әдетте, қанда ыдырайды және несеппен шығарылады. Подаграға шалдыққан адамдарда несеп қышқылы жинақталады, кейін олардан буын қуыстарында үшкір кристалдар жинақталады. Осыдан барып зақымданған буындарда ауырсыну және ісіну пайда болады.

 

Симптомдары

Подаграның ұстамасы дегеніміз не?

Подаграның симптомдары кенеттен (көбінесе, түнде) пайда болуы мүмкін. Әдетте, үлкен бақайдың буыны зақымданады, бірақ, ауырсыну қол-аяқтың буындарында, тобықта, тізе буынында, білек буынында пайда болуы мүмкін. Зақымданған буын қызарып, ауырсынып, ұстағанда ыстық болады. Ауырсыну буынды ұстағанда күшейеді.

 

Себептері және қауіп факторлары

Подагра кімде пайда болуы мүмкін? 

Егер пуриндерге бай тағамды тұтынатын болсаңыз, подаграның даму қаупі артады. Бұл келесі өнімдер: албырт, сардиндер, сорпалық ет өнімдері, қояншөп, саңырауқұлақ, сельдь. Сондай-ақ, артық салмақ болса, холестериннің деңгейі жоғары болса, диабет, жоғары артериалдық қысым болса, сондай-ақ, алкогольдің шамадан тыс мөлшерін тұтынуда подаграның дамуына бейім боласыз. Әйелдерге қарағанда ерлерде подагра жиі кездеседі. Әйелдер етеккір тоқтау шағында подаграның дамуына бейім. Сондай-ақ, подагра - тұқым қуалауға бейімділік болатын ауру.

Подаграға апаруы мүмкін дәрілік препараттар:

•        Жоғары артериалдық қысымды емдеуге арналған кейбір диуретиктер

•        Ниацин (В тобы дәрумендерінің кешені)

•        Аспирин (төмен мөлшерлемесінде)

•        Алмастырылғаннан кейін жаңа ағзаның ажырауының алдын алу үшін тағайындалатын циклоспорин

•        Қатерлі ісікті емдеуу үшін қолданылатын кейбір препараттар

•        Пиразинамид және этамбутол, туберкулезді емдеу үшін қолданылатын.

 

Емдеу

Подагра ұстамасы болса, не істеу қажет?

Емдеуді ерте бастаған сайын, ауырсыну да тезірек өтеді. Дәрігер буындардағы қабыну мен ауырсынуды азайту үшін дәрілік препараттарды тағайындайды. Дұрыс емдеген кезде подаграның ұстамасы бірнеше күн ішінде өтуі тиіс. Ұстама кезінде жануар ақуызының мөлшері мол тамақты тұтынуды азайтып, алкогольді тұтынуды толығымен тоқтату қажет.

Ұстама кезінде қатаң төсек тарту ұсынылады. Буынға мұз қою қажет, бұл ауырсынуды жеңілдетеді. Зақымданған тұсты жоғар қою қажет, мысалы, астына жастық қою керек. Сондай-ақ, ибупрофен және напроксен секілді ауырсынуды басатын препараттар көмектеседі.

 

Подагра ұстамасы болмас үшін не істеу қажет?

Дәрігер подаграның ұстамасының алдын алатын дәрілік препараттарды тағайындауы мүмкін. Бұл дәрілер буындардан несеп қышқылын шаяды, оның организмдегі мөлшерін азайтады, ісінуді басады. Аспирин бұл препараттардың жұмысына кедергі келтіретіндіктен, оларды қатар тұтынуға болатындығы туралы дәрігермен кеңесіңіз.

Артық салмақ болса, арықтау қажет. Егер жоғары артериалдық қысым болса, холестериннің деңгеі артқан немесе диабетке шалдыққан болсаңыз, емдеу курсын өту қажет және әрі қарай емдәм сақтау қажет (тұзды мен майлыны шектеу). Алкоголь тұтынудан және пуриндердің мөлшері жоғары болатын өнімдерді қабылдаудан алшақ болыңыз. Суды көбірек ішіңіз, ол несеп қышқылын организмнен шығаруға көмектеседі.

 

Асқынулары  

Ауруды емдемеген жағдайда не болады?

Емделмеген жағдайда подаграның ұстамасы бірнеше күн немесе апта бойы созылады. Ауру көрші буындарға тарауы мүмкін, ауру ұзаққа созылуы мүмкін.

Егер подаграның ұстамасы көптеген жылдар бойы орын алса, тофустар (өсінді, шор) дамуы мүмкін. Бұл тері астында түйін түзетін, несеп қышқылынығ кристалдары. Тофустар әдетте, бақайда, саусақта немесе шынтақта болады. Несеп қышқылының несеп жолдарында жинақталуынан бүйрек ауру дамып, бүйректе тас түзілуі мүмкін. Подаграның ұзақ уақыт бойғы барысында үрдіске буынның  маңайындағы сүйектер қамтылуы мүмкін.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.