.

Пресбиопия (қарттық қырағылық) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Пресбиопия (қарттық қырағылық)

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Болжамды асқынулары

Дәрігерге қашан қаралу керек

Профилактикасы

 

Пресбиопия (қарттық қырағылық) – бұл адам ағзасындағы жас өзгерістеріне байланысты, көздің көру қабілетінің нашарлауының табиғи процессі.

Көздің қасаң қабығы мен көзбұршағы көру қабілетін айқындау процессіне қатысады. Рефракция - көздің жарықты сындыру қабілеті. Аномальды рефракция - көздің өзгерген пішіні көздің көрінетін заттарға дұрыс бағытталуына мүмкіндік бермеген кезде пайда болатын көру проблемалары. Рефракцияның себебіне көз алмасының пішіні (ұзын немесе қысқа), қасаң қабықтың пішінінің өзгеруі немесе жас өзгерістеріне байланысты көз бұршағының эластикалығының өзгеруі және назар аударуға жауап беретін кірпікті бұлшықеттердің әлсіреуі жатады.

 

Себептері

 

Организм қартайған сайын көздің жанары өзгерістерге ұшырайды: ол қалыңданады және өзінің эластикалық қасиетін жоғалтады. Көзбұршақтың эластикалық қабілеті кескінге назар аударуды қамтамасыз етеді. Бұл мүмкіндіктің жоғалуы көру қабілетінің нашарлануына әкеледі, нәтижесінде қарттық қырағылық - пресбиопияның дамуымен көрінеді.

Әдетте мұндай жағдай 45 жастан кейін орын алады.

 

Симптомдары

  • Жақын объектілерді көруде және ұсақ шрифтілерді оқу кезінде көру қабілетінің төмендеуі
  • Әлсіз жарықтандыру кезінде көру қабілетінің төмендеуі
  • Көзге артық күш түсуі
  • Бас ауруы

 

Диагностикасы

Пресбиопия көруді және рефракцияны (көздің жарықты сындыру қабілеті) тексеру кезінде көз дәрігерімен диагностикаланады.

 

Емі

Көздің көру қабілетінің бұзылу дәрежесіне қарай көзілдірік қажет болуы мүмкін. Қазіргі таңда көруді түзету үшін бірқатар хирургиялық және лазерлік әдістер ойлап табылды. Дәрігер көру қабілетіңізді түзетуге көмектесетін және асқыну тудырмайтын жағдайда операция жасауға кеңес береді.

 

Болжамы

Көру қабілетін көзілдірік немесе линза көмегімен түзетуге болады.

 

Болжамды асқынулары

Егер көру қабілеті түзетілмесе, көру қабілетінің әлсіздігі күшейіп, көлік жүргізу, оқу, жұмыс және басқа да күнделікті жағдайлар кезінде қиындық тудырады.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

Көру қабілетіңіздің нашарлағанын сезінген сәтте офтальмологқа (көз дәрігеріне) жүгініңіз.

 

Профилактикасы

Пресбиопияның алдын алу шаралары жоқ

 

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.