.

Сары ауру | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сары ауру

Сары ауру – түрлі аурулардың симптомы: сілемей қабықтың, көздің ағының және терінің сарғаюы, оларда сары пигменттің жинақталуына байланысты. 

Патофизиология

·         Сары аурудың барлық түрлерінің бір ортақ белгісі бар - гипербилирубинемия, оған терінің түсінің айқындығы тәуелді: ашық-лимонды реңктен қызғылт-сары және жасылдау немесе зәйтүн-сары түске дейін.

·         Тері мен көздің ағының сарғаюы билирубиннің мөлшері 26 ммоль/л-ден асқанда басталады.

·         Терінің пигментке қанығуына уақыт қажет: жалпы өт түтігін тәжірибелік байлауда гипербилирубинемия 24 сағаттан кейін артады, ал тері 5-8 күннен кейін ғана сарғаяды.

·         Билирубин Нb бұзылысты эритроциттердің ыдырауында түзіледі. Алдымен, ақуызды дене  - глобин және темір құрамдас гематин пайда болады. Соңғыдан, темірді бөлу және гидроксильді топты қосу арқылы билирубин пайда болады (оның тікелей емес фракциясы). 

·         Тікелей емес билирубиннің түзілуі ретикулоэндотелиалдық жүйеде өтеді (көк бауыр, сүйек кемігі, т.б.).

·         Бауыр жасушалары  тікелей емес билирубинді глюкуронды қышқылдармен біріктіреді. Бұл кезде түзілетін билирубиннің тікелей  фракциясы кейіннен өтпен бірге бөлініп шығады.

·         Сау адамдарда қан сарысуының билирубині негізінен, 20 мкмоль/л аспайтын тікелей емес фракциямен беріледі, ал тікелей билирубин аз мөлшерде болады.

·         Егер бауыр сау болса, және өт жолдары өтімді болса, қанда артық жиналатын билирубин (мысалы, эритроциттердің көп ыдырауында) бауыр арқылы ішекке өтумен жойылады.

·         Өт жолдарының бітелуінде немесе бауырдың зақымдануында билирубин несеппен шыға бастайды және несепті сыра түсіне бояйды, бұл кезде нәжіс те түссізденеді.

·         Себебіне тәуелсіз, сары ауру барлық ағзалардың зақымдануына апарады, әсіресе, бауыр мен бүйректің. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.