.

Шаш түсуі, белок жетіспеушілігі салдарынан | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Шаш түсуі, белок жетіспеушілігі салдарынан

Адам ағзасына шаштың ешқандай физиологиялық маңызды әсері жоқ.Алайда, көптеген жүйелі аурулар шаш өсуіне теріс әсер етеді, кейде олардыңтүсуі байқалады.Жедел ақуыз жетіспеушілігі шаштың өсуіне және кейін шаш жоғалуына әкеледі. Созылмалы [2874] белок жетіспеушілігі шаштың диффузиялық[3618] түсуіне әкеледі - алопеция. Сондай-ақ, шаштың түсуіне, қатерлі ісік [2811] кезінде химиотерапияда [2753] кеңінен қолданылатын цитотоксикалық [3619] дәрілердің әсерінен болуы мүмкін.

Ақуызды шектейтін ем дәм қолданатын адамдарда, тамақтану режимі бұзылған науқастарда дистрофия (тамақтанудың бұзылуы) қалыптасу мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, дене ақуызды үнемдей бастайды [2783], ол шаштың өсуіне әсер етуі мүмкін. Мұндай диеталар пайда болғаннан 2-3 ай өткеннен кейін және тамақтану бұзылғанда, шаштың белсенді түсуі басталуы мүмкін.

Бұл қайтымды жағдай және ақуыз жеткілікті мөлшерде тұтынылатын болса, алдын алуға болады. Егер адам қатал ем дәмді ұстануға шешім қабылдаса, ол ағзаға жеткілікті ақуызды қабылдауды қолдауы керек. Ақуыз ет, тауық, балық, жұмыртқа, ірімшіктің кейбір түрлеріне, құрғақ бұршақтарға, бұршақ сорпасына, дәндер мен жаңғақтарда кездеседі.

Қалыпты ақуызды азық-түлікпен қалпына келтіруден кейін, шаштың өсуі қалпына келтіріледі. Дегенмен, шаш фолликулдары қабынуы мүмкін.

 

Аударған: Амантай Назерке

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.