.

Сколиоз (омыртқа қисаюы) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сколиоз (омыртқа қисаюы)

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Аурудың ағымы

Болжамды асқынулары

Дәрігерге қашан қаралу керек

Профилактикасы

 

Сколиоз – омыртқаның аномальды қисаюы. Омыртқа – арқаның ортасында орналасқан бүкіл ағзаның негізгі тірегі болып табылады. Кез келген дені сау адамның омыртқасы сәл бүгіледі. Дегенмен, сколиоздан зардап шегетін адамдардың жұлын бағанында тым қатты иілімі болады. Мұндай адамдардағы омыртқаның иілімі кейде «С» немесе латынша «S» әрпіне ұқсас болады.

 

Пайда болу себептері

Көп жағдайда сколиоздың пайда болу себебі белгісіз. Бұл жағдайда сколиоз идиопатикалық сколиоз деп аталады, бұл омыртқа қисаюының ең таралған түрі. Бұл ауру жас тобына қарай жіктеледі.

  • 3 жасқа дейінгі балаларда- инфантилді сколиоз.
  • 4-10 жас аралығындағы балаларда– ювенилді сколиоз.
  • 11-18 жастан асқан балаларда – жасөспірімдік сколиоз.

Қыздарсколиоздан жиі зардап шегеді. Кейбір адамдардаомыртқаның қатты иіліміне анатомиялық бейімділігі болады. Әдетте,омыртқаның қисаюы жылдам өсу кезеңінде күшейеді.

Сколиоздыңбасқа да түрлері:

Туапайда болғансколиоз. Бала туылғаннан кейін бірден анықталатын сколиоздыңтүрі. Сколиоздың бұл түрі жас ағзада қабырға мен омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспаған жағдайда пайда болады.

Жүйкелік-бұлшықеттік сколиоз. Бұлшықетке әсер ететін жүйке жүйесімен туындаған сколиоз түрі. Мысалы, церебральді сал ауруы, бұлшықет дистрофиясы, омыртқаның бөлшектенуі және полиомиелит.

 

Симптомдары

Әдетте, сколиоз симптомсыз өтеді. Симптомдары болған жағдайда, оларға мыналар жатады:

  • Арқадағы және белдегі ауыру сезімі
  • Ұзақ уақыт отырған немесе тұрған қалыпта болғаннан кейін омыртқадағы шаршау сезімі
  • Жамбас немесе иықтың біркелкі емес пропорцияда болуы (бір иық екіншісінен ұзын болуы мүмкін).
  • Омыртқаның кез келген жаққа қатты қисаюы.
  • Омыртқа қисаюының бір түріне кифосколиоз жатады.

 

Симптомы сколиоза

 

Диагностикасы

Ауруды диагностикалау үшін дәрігер физикалық тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, дәрігер науқастың омыртқасын жан-жақты көру үшін науқастың алға қарай ілінуін сұрайды. Сколиоздың ерте кезеңдерінде омыртқадағы өзгерістерді анықтау қиын болуы мүмкін.

Тексеру барысында анықталуы мүмкін:

  • Бір иықтың екіншісінен жоғары болуы
  • Жамбас бір жағына иілген
  • Диагностика үшін кейде омыртқа рентгенін жасау керек. Себебі, омыртқаның қисаюы физикалық тексеру барысында көрінгеннен гөрі әлдеқайда күрделі болуы мүмкін.

Диагностиканың басқа әдістері:

  • Омыртқаның қисық сызығын өлшеу (сколиограф арқылы өлшеу)
  • Омыртқаның МРТ-сы

 

Емі

Емі көптеген факторларға байланысты:

  • Сколиоздың себептері
  • Омыртқаның қисықтығы қай жақта орналасқан
  • Қаншалықты қатты қисайған
  • Науқастың ағзасының өсуіне байланысты

Идиопатикалық сколиозы бар науқастардың көпшілігі емді қажет етпейді. Дегенмен, осындай науқастар кемінде алты айда бір рет дәрігердің бақылауында болу керек.

Егер науқастың денесі әлі де өсіп жатса, дәрігер корсет киюді ұсынуы мүмкін. Корсет ары қарай қисаюды болдырмайды. Корсет омыртқа қисаюының көлемі мен қай жерде орналасқанына байланысты таңдалады. Емдеуші дәрігер науқасқа ыңғайлы корсетті таңдап, оны қалай қолдану керектігін көрсетеді. Корсетті бой өсуіне байланысты ауыстыруға болады.

Корсет 10 жастан асқан жандарға жақсы көмектеседі. Алайда, корсеттер туа біткен немесе жүйкелік-бұлшықеттік сколиозды емдеуде тиімсіз.

Кейбір жағдайларда сколиозды емдеу үшін қисықтықты жоюға бағытталған хирургиялық араласу қажет. Операция кезінде омыртқаның сүйектері ілмектер мен болттардан тұратын арнайы металл штифттермен бекітіледі, олар сүйектер бітіскенше ұсталады. Операцияны арқа, іш, қабырға аймағын кесу арқылы орындауға болады.

Хирургиялық араласудан кейін науқастар омыртқаны бекіту үшін корсет тағу керек.

Егер, омыртқа өте қатты қисайса және өте тез қарқынмен нашарлаған кезде хирургиялық араласу қажет. Хирургтар көбінесе операцияны орындау үшін сүйектердің өсуінің тоқтауын күтеді, бірақ, өкінішке орай, бұл әрқашан мүмкін емес.

Сколиоздың еміне сондай-ақ мыналар жатады:

Эмоционалдық қолдау. Кейбір балалар, әсіресе жасөспірімдер, корсет киіп жүргенде өздерін ыңғайсыз сезінуі мүмкін.

Физиотерапевтер және басқа да мамандар емдеудің мақсатын түсіндіре алады және корсет науқас үшін қолайлы екеніне көз жеткізуі керек.

 

Аурудың ағымы

Омыртқаның қисаюын жою жетістіктері сколиоздың түріне, себептеріне және дәрежесіне байланысты. Омыртқа неғұрлым қисайған болса, дененің өсуі тоқтаған кезде омыртқаның нашарлау ықтималдығы соғұрлым күшейеді.

Сколиоздың жеңіл дәрежесімен зардап шегетін адамдар өздерін корсетпен жақсы сезінеді. Әдетте, сколиоздың бұл түрінде ұзақ мерзімді қиындықтар туындамайды. Дегенмен, сколиоз егде жастағы адамдарда арқадағы ауырсынудың пайда болуын арттырады.

Жүйкелік-бұлшықеттік сколиоз бен туа пайда болған сколиозы бар науқастардың ем нәтижелерінде айырмашылық болады. Жүйкелік-бұлшықеттік сколиоздан зардап шегетін науқастарда басқа да күрделі аурулары болады, сондықтан емдеу тәсілдерінде де ерекшелік болады. Бұл кезде хирургиялық араласудың мақсаты балаға мүгедектер арбасына отыруға мүмкіндік беру.

Туа біткен сколиозды емдеу өте қиын және әдетте бірнеше операциялар жасау қажет.

 

Болжамды асқынулары

  • Сколиоз кезіндегі асқынуларға мыналар жатады:
  • Тынысалудағы қиындықтар (сколиоздың ауыр түрінде)
  • Белдегі ауырсыну сезімі
  • Өзін-өзі төмен бағалау
  • Омыртқа сүйектерінің тозуына байланысты үнемі ауырсыну сезімі
  • Омыртқаның операциядан кейінгі инфекциясы
  • Түзетілмеген қисаюдан немесе омыртқадағы операциядан кейін омыртқаның немесе жүйкенің зақымдануы

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

Балаңызда омыртқа қисаюы бар деп күдіктенсеңіз, мамандарға жүгініңіз.

 

Профилактикасы

Сколиозды анықтауға арналған тексерулер орта және жоғары сынып оқушыларының арасында жүйелі түрде жүргізіледі.

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.