.

Тендосиновит (Де Кервен ауруы) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тендосиновит (Де Кервен ауруы)

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Профилактикасы

 

Тендосиновит - сіңірдің айналасында орналасқан синовиальды қабықтың қабыну(бұлшықетті сүйекпен байланыстыратын ,байлам).

Себептері

Синовиальды қабық-сіңірді қаптап тұратын қорғаныш қабығы және осының қабынуы тендосиновит деп аталады.Аурудың пайда болуы себебі әлі анықталмаған,бірақ мыналардың нәтижесінде дамуы мүмкін:

  • · Қабынуды тудыратын аурулар әсерінен
  • · Инфекциялар
  • · Жарақаттан кейін
  • · Шамадан тыс жүктеме кезінде
  • · Синовиальды қабықтың созылуынан

Ең жиі білек,білезік және табан буындарының сіңірлері зақымдалады себебі осы аймақтардан өтетін сіңірлер ұзын болып келеді.Бірақ ауру кез-келген сіңірдің синовиальды қабығын зақымдай алады.

Симптомдары

Аурудыңсимптомдарына жатады:

  • · Буын аймағындағы қозғалыстың шектелуі
  • · Зақымдалған буын аймағында ісіну
  • · Буын аймағында ауру сезімі және сезімталдықтың артуы, әсіресе білезік,білек,тобық аймақтарында сезіледі.
  • · Буынның қозғалысы кезінде ауырсынуы
  • · Сіңір сыртындағы қабықтың қызаруы

Қызба,ісіну және қызару инфекцияның бар екенін көрсетеді,әсіресе бұл көрсеткіштер дәрі егу немесе жарадан кейін пайда болса.

Диагностикасы

Дәрігер қарап-тексеру кезінде зақымдалған аймақтың ісінуін байқайды.Одан кейін науқастан ауру сезімін анықтау үшін зақымдалған аймақты қозғалтуын, бұлшық етті жиырылтуын сұрайды .

Емі

Емнің негізгі мақсаты ауырсынуды басып қабынуды азайту болып табылады,негізінен зақымдалған сіңірді қалпына келтіру үшін аяқ-қолды демалдырып және тыныштық жағдайында болу керек.

Зақымдалған сіңірдің қимылын шектеу үшін шина және скобаны қолданамыз. Ауырсыну мен қабынуды азайту үшін зақымдалған аймаққа суық немесе жылы затты басамыз.

Стероидты емес қабынуға қарсы препарат(СЕҚҚП)мысалы,ибупрофен ауырсынуды азайтып,қабынуды басады. Кортикостериодтарды жергілікті инъекциясы да пайдалы,кейбір науқастарда қабынған тінді хирургиялық жолмен алып тастау қолданылады,бірақ бұл әдіс өте сирек жасалады .

Инфекциядан кейін туындайтын трендосиновит дереу емдеуді талап етеді. Дәрігер науқасқа антибиотиктерді тағайындайды және кейбір ауыр жағдайларда сіңір аймағындағы ірінді хирургиялық жолмен алып тастайды .

Инфекция болмаған жағдайда сіңірдің синовиальды қабығының қабынуын азайту үшін,стероидтармен иньекциялау( егу ) қолданылады.

Зақымдалған аймақ жазылып қалпына келгеннен кейін ,профилактика мақсатында сол жерге емдік жаттығулар жасау ұсынылады .

Болжамы

Дұрыс ем жүргізілгенде көп жағдайда ауру жазылады.Егер тендосиновит ауыр жүктемеден кейін пайда болса және аурыру кезінде ол жүктеме шектелмесе онда бұл ауру қайталануы мүмкін. Аурудың созылмалы түрінде сіңірдің зақымдалуы мүмкін және емі ұзаққа созылады.

Инфекцияға байланысты болған тендосиновитті емдеу үшін антибиотиктер қолданылады,қажет ем жүргізілмеген жағдайда , үнемі ауырсыну немесе буын қимылы шектелуі мүмкін.

Мүмкін болатын асқынулар

Егер тендосиновитті емдемейтін болса, онда қозғалыстың шектелуі немесе сіңірдің жарылуы мүмкін.Зақымдалған буын қатайып қалады.

Зақымдалған аймақтағы инфекция барлық организмге таралуы мүмкін , бұл жағдай өте ауыр және зардап шеккендердің аяқ-қолдарына қауіп төнеді.

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Дәрігерге: аяқ-қолдардың,басқа да буындардың, бүгілуі мен қимылы кезінде ауырсынуды сезінсеңіз қаралу керек , егер де сол ауырсынған аймақта немесе білек,білезік,тобықта қабынған қызыл жолақты байқалса онда тез арада дәрігерге қаралу керек,себебі бұл инфекция белгісі болып табылады.

Профилактикасы

Сіңір аймағына түсетін ауыр жүктеме мен қайталанатын қимылдарды шектеу тендосиновиттің алдын алады.

Білек, білезік, тобық аймақтарында жара анықталған кезде дұрыстап өңдеу керек .

 

Аударған: Мелис Айбек

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.