.

Теріасты гематомасы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Теріасты гематомасы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Істемеңіз

Профилактика

Синнимдері

 

Жалпы ақпарат

Гематома – терінің түсі өзгерген аймақ. Майда қан тамырлар зақымдалғанда, тамыр ішіндегі қан тері астында орналасқан жұмсақ тіндерге өтіп кетеді де, солай гематома пайда болады.

Көптеген себептер әсерінен тамыр қабырғаларының зақымдалуынан гематома пайда болады. Қан тері астына өтіп, ауру сезім мен терінің түсін өзгертіп, ісіну шақырады.

Гематоманың үш түрі бар:

  • Теріастылық – тері астында орналасады
  • Бұлшықет ішілік – бұлшықет ішінде
  • Сүйекүстілік - сүйекті соғып алу кезінде дамиды

Гематомалар бірнеше күннен бірнеше айларға дейін сақталу мүмкін. Сүйек соғып алу кезінде олар үлкен және ауырғыш болып келеді.

Себептері

 

Гематомалар құлағаннан, спорттық жарақаттардан, автокөліктік апаттан немесе соққыдан, төебелестен кейін пайда болады.

  • Сіз қансұйылтқыш препараттарды (аспирин немесе варфарин) қабыладасаңыз кішігірім гематомалардың пайда болу мүкіндігі бар.

Симптомдары

Негізгі белгі – ауру сезімі, ісіну және терінің шектеулі аймағының түсінің өзгеруі. Басында гематома түсі ақшыл қызғылт болып келеді, және ұстағанда өте сезімтал болады. Соғылған бұлшық еттерге жүктеме түсіру қиын болады. Мысалы, жамбастың терең гематомасында жүргенде немесе жүгірейін деген кезде ауырады.

Уақыт өте гематома түсі көк түске, сосын жасыл-сары, және соңында толығымен жойылып кетеді.

Гематома кезінде көрсетілетін біріншілік көмек:

  • Тез жазылу үшін және ісінуді алу үшін зақымдалған аймаққа мұз қою керек. Мұзды таза орамалға орау керек – мұзды тікелей теріге қоюға болмайды. Процедураны 1 сағат ішінде 15 мин сайын қайталап тұру қажет.
  • Соққан аймаққа жоғарылаған қалып келтіріңіз, егер мүмкін болса. Жоғарлаған қалып қанның соғылған аймаққа жиналуын алдын алады.
  • Бұлшықеттерге артық күш түсірмеңіз.
  • Ауру сезімін басу мақсатында, қажет болса ауру сезімін басатын препараттарды қабылдаңыз.

Сирек жағдайларда гематомалар кезінде хирургиялық әдіс қолдану мүмкін.

Істемеңіз!

  • Гематоманы ине арқылы сормаңыз
  • Жүгіруді, ойнауды, зақымдалған аймаққа артық күш салуды тоқтатыңыз
  • Ауру сезім мен ісіңуге назар салмауға бомлайды

Дәрігерлік көмекке қашан жолығу керек

Егер Сіз зақымдалған аймақта қатты қысым сезімі болса, және зақымдалған аймақ үлкен және өте ауырғыш болса міндетті түрде дәрігерге жолығыңыз. Бұл жағдайға ұзақ уақыт жаншылу синдромы себеп болып табылады. Жұмсақ тіндерді қатты қысу әсерінен, ол жерлердегі жасушалар мен тіндерге оттегі мен қан келуі тоқтайды. Бұл жағдай өмірге қауіп төндіреді, сол себепті Сізге міндетті түрде жедел жәрдем қажет болып табылады.

Тағы да мына жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:

  • Соққы жарақат, құлау немесе басқа себептен пайда болмады
  • Гематома айналасында инфицирлеу белгілері, қызару, ірің немесе басқа бөлінділер, қызба пайда болса.

Профилактика

Көптеген жағдайларда гематомалар жарақаттар әсерінен пайда болғандықтан, мынадай маңызды ұсыныстарды ұстаңыз:

  • Балаларыңызды қауіпсіздік ережелеріне үйретіңіз
  • Үй айналасында құлаудан сақ болыңыз. Мысалы, баспалдақтан көтеріліп бара жатқан кезде
  • Автокөлікте қауіпсіздік белбеулерін қолдаңыз.
  • Қажетті спорттық инвентарьды киіп жүріңіз.

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.