.

Тістің жарып шығуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тістің жарып шығуы

Тістің жарып шығуы - бұр үрдіс қызыл иекті жарып ең алғашқы тістердің шығуымен сипатталады. Әр сәбидің тісінің жарып шығу уақыты әртүрлі, бірақ көпшілігінде алғашқы тістері 6-8 айлығында шығады. Сәбилердің барлық тістер саны 20, ол үш жасқа дейін жарып шығады.

Тісті шығуы белгілері тіс шыққанға дейінгі 3-5 күн ішінде білінеді, 1-2 ай аралығында бірде пайда болып, бірде жоғалып отырады. Тістің шығуының кең таралған белгілері болып табылады:

  • қызыл иекті жарып шығу аймағындағы ісіну, сезімталдық, немесе жағымсыз сезімдер .
  • сілекей ағу мен жөтелдің себебі болатын қатты сілекей бөліну. Сілекей ағу ұрт, бет, кеуде аймағында бөртпе шақыруы мүмкін.
  • Қызыл иектегі жағымсыздықты азайту үшін қолдың, аяқтың саусақтарын тістелеу.
  • Ауыздағы ауру сезіміне байланысты тамақтан бас тарту.
  • Қозғыштық және ұйқысы нашар болу.

Үй жағдайындағы ем (мысалы, ибупрофен немесе ацетаминофен қабылдау, балаларға тіске арналған жузіктер пайдалану, суық тағам және сусын, қызыл иекке массаж жасау) жағымсыз сезімді азайтады. Тіс жарып шыққаннан кейін белгілері азаяды.

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.