.

Түкті тіл | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Түкті тіл

Түкті тіл жабынды эпителийінің шамадан тыс мүйізденуінен сипатталатын ауру.Тіл шаштың жабылғанына ұқсайды. Түкті тіл ауруы бар науқастарда, көбінесе, ауыздан жағымсыз иіс шығып тұрады. Әдетте ауру сезімі байқалмайды.

http://www.zdrav.kz/images/refs3/ht1.jpg

Түкті тілдің пайда болу себептеріне, ауыз қуысының гигиенасы жеткіліксіздігі, сілекейдің аз бөлінуі және антибиотикалық емнің жанама әсері себепші болуы мүмкін. Сондай-ақ, түкті тілдің пайда болу себебіне, ауыз қуысына арналған шайындыларымен көп уақыт пайдаланғанда, шылым шегулер әсер етеді.

http://www.zdrav.kz/images/refs3/ht2.jpg

Түкті тіл - қауіпті жағдай емес; ол әдетте антибиотиктерді немесе ауыз қуысына арналған шайындыларды тоқтатқаннан кейін, тазартылған сілекей мен ауыз қуысының гигиенасын жақсартқанда тазарады. Тілдегі түкті түзілімдерді жою және алдын-алу үшін, күнделікті жұмсақ тіс щеткасымен және тіс пастасы немесе 1 бөлік сутегі асқын тотығы және 2 бөлік сулы ерітіндімен тазалауға болады.

 
Аударған: Амантай Назерке
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.