.

Вагинит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Вагинит

Вагинит (кольпит) - қыныптың шырышты қабатының қабынуы.Қоздырғыштары әр түрлі бактериялар болып табылады.Ең алғашқы белгілері әйелдің жыныс аймағында күйіп ауру сезімі сезіледі.Ауру аналық бездің гипофункциясы және жеке гигиенаны сақтамағанның нәтижесінде дамиды.

Вагиниттің жедел,жеделдеу және созылмалы түрін ажыратады.Жедел қабыну кезінде науқас қынаптағы ауырлық сезіміне,күйген сезімге,сыртқы жыныс аймағының қышуына және сол аймақтан серозды-іріңді бөлінділер бөлінгендігіне шағымданады.Кез келген бөліндіні көрген әйел қорықпағаны дұрыс,себебі бұл қарапайым вагинит болуы мүмкін алайда оны нақтылау үшін дәрігер гинекологқа қаралу керек.Аурудың пайда болуы алғашында сыртқы жыныс аймағында ақ түсті бөлінділердің бөлінуі мен көрінеді ол су тәрізді немесе іріңді болады және зәр шығару кезінде қышу,күю сезімі сезіледі.Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну болады,алайда қанша жағымсыз әсерге қарамастан қарапайым вагинит әйел ағзасында қатты өзгерістер тудырмайды,дегенмен дер кезінде дәрігерге қаралу керек себебі бұл аурудың симптомдары кандидоз,хламидиоз,трихоманиаз сияқты ауыр аурулармен сәйкес келеді.

Вагинит микроорганизмдермен шақырылады.Қалыпты да микроорганизмдер қыныптың ішінде болады,бірақ аз мөлшерде.Қабыну кезінде қыныптың ішіндегі патогенді микрорганизмдер (стафилококктар, стрептококтар және т.б.) көбейеді.Осындай процес жүктілік кезінде күшейеді,сондықтан жүктілік кезінде вагинит болса тезірек емдеу керек себебі туу кезінде балаға жұғуы мүмкін.Вагинит сонымен қатар туу кезінде жатырдың жыртылуына себеп болады.

Емі.

Вагинитті туындатқан микробқа түріне байланысты жергілікті және жалпы емдейді.Жазылуына септесетін жағдайдың бірі ем алу кезінде жыныстық қатынасты толық тоқтату болып табылады . Ірінді және шырышты бөлінділер кезінде жатырдың ішін антисептикалық ерітінділермен жуып шаяды.Сонымен қатар бір уақытта иммунитетті көтеретін дәрілер беріледі,қоздырғыштардың сезімталдығына байланысты антибиотикалық терпия қабылдайды.

Жүкті әйелдердің вагинитін емдеуге ерекше көңіл бөлінеді.Себебі бір жағынан қабыну үрдісін толық жою керек,екінші жағынан жүктілік кезінде дәрілік препараттардың кейбір дозаларын шектейді.Дұрыс емделген вагиниттің болжамы жақсы.

 

Аударған: Мелис Айбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.