.

Жедел ревматикалық қызба | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жедел ревматикалық қызба

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Аурудың ағымы

Болжамды асқынулары

Дәрігерге қашан қаралу керек

Профилактикасы

 

Жедел ревматикалық қызба – А тобындағы стрептококктық бактериялар (жіті фарингит немесе скарлатина) тудыртын инфекцияның нәтижесінде дамитын қабыну ауруы. Ауру жүрекке, буынға, теріге және миға әсер етуі мүмкін.

 

Себептері

Ревматикалық қызба жүрек қақпақшаларының зақымдануына әкелетін, бүкіл әлем бойынша кең таралған ауру. Жедел ревматикалық қызба індеттің таралуымен жүреді.

Ауру негізінен 5-15 жас аралығындағы балаларды зақымдайды және баспа немесе скарлатинадан кейін шамамен 14-28 күннен кейін байқалады.

 

Симптомдары:

  • Асқазандағы ауыру сезімі
  • Қызба
  • Симптомсыз өтетін немесе ентігу мен кеуде торындағы ауыру сезіміне әкелетін жүректегі қиындықтар
  • Буындардығы ауыру сезімі, артрит (негізінен тізе, шынтақ, тобық және білектерде)
  • Буындардың ісінуі, қызаруы және қызуы
  • Мұрыннан қан кету
  • Терідегі түйіншелер
  • Терідегі бөртпелер (ревматоидты эритема)
  • Кеудеде және қол немесе аяқтың жоғарғы бөлігіндегі терілік бөртпелер
  • Сақина тәріздес немесе жылан тәріздес бөртпе
  • Сиденгама ауруы (эмоционалдық тұрақсыздық, бұлшықет әлсіздігі және бетті, қол-аяқты зақымдайтын тез, үйлесімсіз шапшаң қозғалыстар).

 

Диагностикасы

  • Дәрігер диагностикалау үшін науқастың пульсін, жүрек соғу ырғағын, терісін және буындарын қарап тексереді.
  • Анализдерге мыналар жатады:
  • Стрептококктік инфекцияны анықтау үшін қан анализі
  • Жалпы қан анализі
  • Электрокардиограмма
  • Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)
  • Науқаста жедел ревматикалық қызбаның барын көрсететін негізгі және қосымша көрсеткіштер болады.

 

Негізгі көрсеткіштеріне жатады:

  • Бірнеше үлкен буындардың артриті(полиартрит)
  • Жүректің қабынуы
  • Тері астындағы түйіншелер
  • Өткір, тырыспалы қозғалыстар
  • Терідегі бөртпелер

Аурудың қосымша симптомдары:

  • Қызу
  • Эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы
  • Буындардағы ауырсыну
  • ЭКГ-ның аномалды көрсеткіштері
  • Ревматикалық қызбаның диагнозы жоғарыда көрсетілген симптомдардың кемінде екеуі болса қойылады.

 

Емі

Жедел ревматикалық қызбаданауқастарға антибиотиктер тағайындалады. Аспирин немесе кортикостероид сияқты қабынуға қарсы препараттар қабыну деңгейін төмендетеді және ауруды бақылауға көмектеседі.

Жедел фарингиттің қайталануын болдырмау үшін пациент ұзақ уақыт бойы антибиотиктердің кішкентай дозасын қабылдауы керек.

 

Аурудың ағымы

Егер ауру қайтадан пайда болса, дәрігер ауру алғаш анықталғаннан кейін 3-5 жыл ішінде антибиотиктердің кішкентай дозасын тағайындай алады. Жедел ревматикалық қызба жүрек қақпақшаларын зақымдаған жағдайда, жүрек қызметінде ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін.

 

Болжамды асқынулары

  • Аритмия
  • Жүрек қақпақшаларының зақымдануы
  • Эндокардит
  • Жүректің тоқтауы
  • Перикардит
  • Ревматикалық хорея

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

 

Ревматикалық қызбаның симптомдары пайда болса,дәрігерге қаралыңыз. Ұқсас белгілері бар бірнеше басқа да аурулар болғандықтан, тиісті дәрігерлік диагностикадан өту қажет.

Егер сізде жедел фарингиттіңсимптомдары бар болса, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз. Егер сіздеосы ауру анықталса, ревматикалық қызбаның пайда болу қаупін азайту үшін арнайы емдеу қажет.

 

Профилактикасы

Ревматикалық қызбаның алдын алудың ең маңызды жолы – баспа мен скарлатинаның уақтылы емі.

 

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.