.

Жеке басының диссоциальды бұзылысы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жеке басының диссоциальды бұзылысы

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдар

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек?

 

Жалпы ақпарат

Жеке басының диссоциальды бұзылысы – бұл адамның психикасының бұзылысы. Бұл жағдайдағы адам басқа адамдардың құқықтарын бұзып, оларды қолданып жүреді. Бұндай адамдар жиі қылмыскер болып кетеді.

 

Себептері

Жеке басының диссоциальды бұзылысының себептері белгісіз. Бұл ауру дамуына қоршаған орта, генетикалық факторлар әсер етеді. Бұл ауру антисоциальды ата-аналары бар немесе ата-аналары маскүнем адамдарда даму қаупі жоғары. Бұндай бұзылыс ер адамдарда жиірек кездеседі. Және де бұл ауру қылмыскерлер арасында көп таралған.

Балалық шақта өрт жағу немесе жануарларға қатығездік көрсету антисоциальды тұлғаның дамуына байланысты. Кейбір дәрігерлер психопатия мен жеке басының диссоциальды бұзылысын бір ауру деп санайды. Басқалары психопатиялық тұлғаны - өте ауыр бұзылыс деп санайды.

 

Симптомдар

Жеке басының диссоциальды бұзылысы бар адам болу мүмкін:

  • Тапқыр және сүйкімді
  • Басқа адамдардың эмоцияларымен епті айла-амал жасай алады
  • Бірнеше рет заң бұзады
  • Өзіннің және басқалардың қауіпсіздігі туралы ойламайды
  • Алдайды, ұрлайды және жиі төбелеседі
  • Өз қателігін түсінбейді
  • Жиі жынданады және тәкаппар болады

 

Диагностика

Жеке басының диссоциальды бұзылысыадамның тұлғасын психикалық бағалау арқылы және симптомдар ауырлығына байланысты диагноз қойылады. Жеке басының диссоциальды бұзылысыдиагнозы қойылу үшін, бұл бұзылыс адамда балалық шағынан бастап болу керек.

 

Емі

Жеке басының диссоциальды бұзылысыемдеуге ең қиын келетін бұзылыс. Бұл ауруы бар адамдар медициналық көмекке өз еркімен сирек келеді. Терапияны олар тек қана соттың бұйрығымен бастайды.

Бұл жерде негізгі ем ретінді мінез-құлықтық терапия (поведенческая терапия) қолданылады. Жақсы мінезі ұшін мақтап және марапаттау арқылы аурудың дамуын баяулатады. Қосымша ретінде әңгімелесу терапиясы (психотерапия) қолданылады.

 

Болжамы

Әдетте симптомдар жасөспірімдік кезеңінің соңына және 20 жастан кейін бірінші жылдарында өз шыңына жетеді. Кейде симптомдар өздігінен 40 жасқа тамаң жақсарады.

 

Асқынулар

Асқыну ретінде түрмеге отыру, наркомания, зорлық және өзін-өзі өлтірушілік болып табылады.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Егер сізде немесе басқа да таныстарыңызда жеке басының диссоциальды бұзылысы симптомдары болса, психикалық ем саласы бойынша дәрігерге немесе маманға қаралыңыз.

 

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.