.

Желшешек ауруы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Желшешек ауруы

Анықтамасы

Симптомдары

Асқынуы

Емі

Желшешек ауруы дегеніміз не? Желшешек ауруы – герпес вирусының түрі-Varicella-zoster типімен шақырылған,тез таралатын жұқпалы ауру.Бұл вирустың жұғу жолдары науқас жөтелгенде,түшкіргенде және денесіндегі дақты көпіршікті өзгерістер сау адам денесіне жанасқанда жүзеге асады . Желшешек ауруы алғашқы 2-3 күнде өте жұқпалы,яғни науқас денесінде бөртпелер және дақты көпіршіктер пайда болғанға дейін.

Желшешек ауруы-негізінде балаларда көбірек кездеседі және қауіпсіз өтеді,ал жастарда,үлкендерде,екі қабат әйелдерде және иммундық жүйесінде ақауы бар адамдарда ауыр ағымда өтуі мүмкін. Желшешек көбінесе қыстың аяғында және көктемнің басында байқалады,осы уақытта өте жұқпалы болып табылады. Бұрын желшешек ауруымен ауырмаған адамдар вирус пен қатынаста болған кезде 80-90% жедел ауырады. Вирус адамға енген кезінде алғашқы симптомдар пайда болғанша білінбеуі мүмкін ол әдетте 14-16 күнге, кейде 10-21 күнге дейін созылуы мүмкін.

Симптомдары

Желшешек ауруының симптомдары мыналар: жоғарғы температура, әлсіздік және денеде көптеп таралған іші сұйықтыққа толы, қатты қышитын көпіршікті бөртпелердің пайда болуы .Бірнеше күннен кейін көпіршіктер жарылып,қабыршықталады және 1 апта көлемінде жаңа көпіршіктер қайтадан пайда болады. Науқас өзінде қандай да бір белгілер пайда болғанға дейін,вирусты тарата беруі мүмкін .

Асқынуы

Жоғарыда айтылғандай желшешек ауруы қатты қиындықтар тудырмайды,бірақ кейбір адамдарда ауыр ағымда өтуі мүмкін.Ондай адамдарға жастар,үлкендер және иммундық жүйесінде ақауы бар кез келген адамдар (СПИД пен ауыратындар немесе гормональды дәрілерді қабылдайтындар) жатады .Желшешек ауруының ең көп тараған асқыныуына денедегі көпіршіктер айналасындағы теріні зақымдайтын бактериальды инфекцияның пайда болуы жатады, ол ары қарай өкпеге, сүйекке,тіпті қанға дейін таралады.Басқа да асқынуларына вирустық өкпе тінінң қабынуы және бас миы тінінің қабынуы жатады .

Емі

Ауруының емі науқастағы бөрпелердің таралуына, жоғарғы температураға және әлсіздікке қарсы бағытталалды. Желшешек ауруын алдын алу мақсатында қарсы арнай екпе (вакцина ) қолданылады ол балаларға және әлі желшешек ауруымен ауырмаған жастарға , үлкен кісілерге қолданылады.

Автор Алмаз Шарман

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.