.

Телемедицина мен екінші пікір қызметі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Телемедицина мен екінші пікір қызметі

ТелемедицинаДәрігеріңіз Сізге ауру бар деп диагноз қойып жатыр. Бірақ Сіз оған күмәнданып, басқа мамандардың пікірін білгіңіз келіп жүр. Телемедицина Сізге әлемнің кез келген жерінен қалаған маманнан кеңес алуға көмектеседі. Оған дәлел ретінде, келесі мысал ұсынамыз. Науқас жатырдың қатерлі ісігін алып тастау операциясынан кейін бірнеше айдан кейін өкпе метастаздары (ісіктің таралуы) диагнозы қойылады.  Науқасқа бұл қорытынды қатты жағымсыз әсер еткенмен, ол диагноздың дұрыстығына күмәнданып, басқа медициналық мекемелерден көмек іздей бастайды. Солай науқас телемедицина арқылы АҚШ-тың Вирджиния университетінің үздік дәрігерлерінен видеоконференция арқылы кеңес алып, зерттеулердің нәтижелерін талдап, қорқынышты өкпе метастаздары диагнозын жоққа шығарады. Науқас Американың үздік дәрігерлерден медициналық қызметті басқа қалаларға немесе бақса мемлекеттерге шықпай-ақ, тұратын мекен-жайынан заманауи технологиялар арқылы ала алды.

Қазіргі таңда телемедицина денсаулық сақтау саласының ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жай ғана қарапайым ұялы телефон, компьютер, интернет және басқа да байланыс құралдарының көмегімен алшақ қашықтықтағы дәрігерлерге науқастың клиникалық мәліметтерін беруге мүмкіндік береді.

ТелемедицинаБұл тәсілдің денсаулық сақтау саласына тигізетін септігі өте зор болуына сенімдіміз. Мысалы, шалғай аймақтарда тұратын халыққа немесе 1000-даған шақырым қашықтықта орналасқан мұнай кең өндірістердегі жұмысшыларға телемедицина арқылы жоғары мамандырылған медициналық кеңес беру мүмкіндігі ашылады. Соған қоса, ауылдық аймақтағы дәрігерлерге күрделі, қиын ауруларға диагноз қоюда, емдік жоспарды анықтауда көмекке келетін қосымша тәсіл болып табылады.

Телемедицина халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда да рөлі өте зор. Дәрігерлер мен науқастар осы технология арқылы Америка немесе Еуропаның қалаған үздік дәрігерінен кез келген ауру туралы медициналық кеңес алып, емдеу жоспарын дәрігермен анықтай алады. Қажет болған жағдайда науқастар немесе дәрігерлер қалаған шетелдік ауруханаларынан медициналық көмек алуды ұйымдастыру мүмкіншілігі де болады.

Телемедицина кеңесімен байланысты сұрақтар бойынша zdrav@zdrav.kz электрондық поштасына арқылы хабарласуға болады.