.

Гемоторакс | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гемоторакс

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емі

Болжамы

Асқынулары

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

 

Жалпы ақпарат

Гемоторакс – бұл өкпе мен кеуде торы арасындағы қуыста қанның жиналуы.

 

Себептері

Ең жиі тараған себебі - кеуде жараққаттары. Гемоторакс тағы да мынадай аурулар кезінде даму мүмкін:

  • Қан ұюының бұзылыстары
  • Жүрекке немесе кеуде торына операциялар
  • Өкпе тінінің некрозы (өкпе инфаркты)
  • Өкпенің немесе плевраның қатерлі ісігі
  • Центральды венозды катетер орналыстырған кездегі пайда болған қан тамырлардың жарылуы
  • Туберкулез

 

Симптомдары

  • Алаңдаушылық
  • Кеуде тұсындағы ауру сезімі
  • Төмен артериальды қысым
  • Боз, суық, жабысқақ тері
  • Жиілеген жүрек ырғағы
  • Жиі, беткейлік тыныс
  • Мазасыздық
  • Ентігу

 

Диагностика

Медициналық тексеріс кезінде дәрігер науқастан тыныс алу кезінде, зақымдалған аймақтан дыбыстардың әлсіреуі немесе мүлдем болмауын байқау мүмкін. Мына тексерістер көмегімен гемоторакс белгілерін анықтауға болады:

  • Кеуде торы мүшелерінің жалпы шолу рентгенографиясы
  • Кеуде торы мүшелерінің компьютерлік томографиясы
  • Плевралық сұйықтықтың анализы
  • Плевроцентез

 

Емі

Емнің мақсаты: науқастын жағдайын қалпына келтіру, қан кетуді тоқтату, плевралық қуыстан қан мен ауаны шығару. Қан мен ауаны шығару үшін кеуде қуысына торокальды трубка енгізіледі. Ол трубка бірнеше күнге дейін сол жерде орналасу мүмкін.

Ауыр гемоторакс кезінде қан тоқтату үшін хирургиялық ем (торакотомия) жасалады.

Гемоторакс шақырған себепті де емдеу қажет. Кеуде жарақатын алған науқастарға дренажды трубка қажет болады. Сирек жағдайларда хирургиялық ем жасауға тура келеді.

 

Болжамы

Гемоторакс шақырған себебіне байланысты және жүргізілген еміне байланысты болжамы әр түрлі болып келеді.

 

Асқынулары

  • Өкпе коллапсы, өз кезегінде өкпе жетіспеушілігіне алып келеді
  • Өлім
  • Плевральды қуыстың фиброзы және тыртықтануы
  • Плевральды сұйықтықтың инфекциясы (эмпиема)
  • Пневмоторакс
  • Шок

 

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Егер сізде мынадай симптомдар болса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртыңыз:

  • Кез келген ауыр кеуде жарақаты
  • Кеуде тұсындағы қатты ауру сезімі немесе ентігу
  • Бас айналу, қызба, немесе кеуде тұсындағы ауырлық сезімі
  • Тыныс алудың қиындауы

 

Профилактика

Жарақат алмау үшін қорғаныс ережелерін сақтанып жүріңіз

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.