.

Гестационды қант диабет (жүктілік кезіндегі қант диабет) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Гестационды қант диабет (жүктілік кезіндегі қант диабет)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Емі

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Профилактика

Синонимдері

 

Жалпы ақпарат

Гестационды қантты диабет (жүктілердің диабеті) – жүкітілік кезіңде алғаш рет анықталатын және глюкозаның (қант) деңгейінің көтерілуімен сипатталатын ауру.

 

Себептері

Жүкітілік кезінде гормондар инсулинді бөгеу мүмкін, солай оның функциясының бұзылысына алып келеді. Егер бұндай жағдай пайда болса жүкіт әйел адамда қант деңгейі көтеріледі

Гестационды диабет даму қаупі жоғары мынадай жағдайларда:

  • 25 жастан жасы үлкен
  • Отбасы бір мүшесінде қант диабеті
  • Нәресте салмағы 4800 г немесе нәрестеде туа пайда болған патология бар
  • Сізде үлкен артериальды қысым
  • Амниотикалық сұйықтықтың көп болуы
  • Бұрын мезгілінен ерте босаңу немесе өлі босаңу
  • Жүктілікке дейің сізде артық салмақ болды

 

Симптомдар

Гестационды қантты диаебет әдетте симптомсыз өтеді немесе симптомдары айқын болмайды және жүкті әйелге қауіп төндірмейді. Қант деңгейі босанудан кейін қалпына келеді.

Симптомдары:

  • Көз көру нашарлауы
  • Жалпы әлсіздік
  • Қынаптын, қуықтың және терінің жиі инфекциялары
  • Тұрақты түрде шөлдеу
  • Жиі кіші дәретке бару
  • Құсу және лоқсу
  • Жоғары тәбетке қарамастан, дене салмағын жоғалту

 

Диагностика

Гестационды диабет 2 триместрде пайда болады. Скрининг ретінде барлық жүкті әйелдерге 24-28 апталар арасында глюкозаға толеранттылық тестін өткізеді. Гестационды диабет даму қаупі бар жүкті әйелдерге бұл тест ертерек жасалады.

Гестационды диабет анықталған сәтте, қант деңгейің күнделікті үй жағдайында бақылап отыру керек. Қант деңгейін тексеру – глюкометрмен жасалады.

 

Емі

Ем мақсаты қант деңгейін қалыпты деңгейде ұстау және дамып келе жатқан нәрестенің денсаулығын бақылау.

 

БАЛАНЫҢ ДАМУЫН БАҚЫЛАУ

Барлық жүкітілік кезіңде сіз және сіздің нәрестеңіз тұрақты түрде дәрігерде бақылауда болуыңыз қажет.

Кардиотокография (құрсақтағы нәрестені фетальды мониторлау) - өте қарапайым және ауыртпалықсыз баланы бақылау

  • Арнайы датчиктер сіздің ішіңізге бекітіп, нәрестенің жүрек соғуын мониторға шығарады.
  • Дәрігер бірнеше рет тексеріп, динамикада сіздің нәрестеңіз дамуы артта қалған жоқ па анықтай алады.

 

ДИЕТА ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР

Сізге міндетті түрде диета ұстау қажет және көп пайдалы тағамдар ішуіңіз керек. Сізге тағамдардың құрамын және олардың мерзімін тексеріп түруыңыз керек. Егер сіз вегетариан болсаңыз немесе арнайы басқа диета ұстансаңыз, өзіңіздің дәрігеріңізбен немесе диетологпен ақылдасыңыз.

Гестационды диабет кезіндегі диета:

  • Майлар мен нәруыздар теңдестірілген болу керек
  • Көмірсулар организмге жеміс-жидектермен, көкөністермен және күрделі көмірсулармен (нан, макарон, күріш) арқылы түсу керек
  • Қант мөлшері аз тағамдарды таңдаңыз.

Көп жағдайда гестационды диабет кезіңде дәрі-дәрмектер қажет болмайды. Бірақ ауыр дәрежеде тағайындалуы мүмкін.

 

Болжамы

Көптеген гестационды диабеті бар жүкті әйелдерде қант деңгейін бақылап, баланы және өзінді ауыр жағдайдан алдын алуға болады.

Гестационды қант диабет бар жүкті әйелдерде, әдетте ірі нәресте туылады. Сол себепті босану кезіңде мынадай асқынулар болу мүмкін:

  • Босаңу жолдарының жарақаттары
  • Кесар тілігі арқылы босану

Нәрестенің бірінші күндерінде қант деңгейінің төмендеуі байқалады (гипогликемия)

Гестационды диабет бар жүкті әйелдерде босану кезінде артериальды қысымның жоғарлау қаупі бар.

Егер анасында гестационды диабет болса, құрсақтағы нәрестені өлу қаупі жоғарлайды. Оны алдын алу үшін тұрақты түрде қант деңгейін бақылау керек.

Босанудан кейін қант деңгейі біртіндеп қалпына келеді. Бірақ босанудан кейін босанған әйелдерде диабет симптомдарын ерте анықтау үшін уаықытылы тексерліп тұру керек. Көп әйелдерде босанудан 5-10 жылдан кейін қант диаебті даму қаупі бар.

 

Дәрегерге қашан қаралу керек?

Егер сіз жүкті болып және сізде диабет симптомдары болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

 

Профилактика

Босануға дейін дәрігерге тұрақты қаралу сіздің және сіздің нәрестеңіздің денсаулығын сақтап қалады. 24-28 аптасында жасалатын пренатальды скрининг, гестационды диабетті ерте анықтауға көмектеседі.

Егер сіз жүктілікке дейін өзіңіздің дене салмақ индексін қалыпты деңгейге жеткізсеңіз, ол гестационды диаебт даму қаупін түсіреді.

 

 

Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.