.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

Бұл не?

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) - адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене температурасының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдромммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады.

Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегалда, Кенияда смпатталған. Қызбаның қоздырғышы – нейровирустар типіндегі РНҚ құрамындағы вирус. Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады, кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады.

Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі. Ауру адам инфекция көзі болуы мүмкін, ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру).

 

 

Қандай өзгерістер болады?

Вирус организмге тері арқылы беріледі (кене шаққан кезде),вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады және қанайналымда жүреді. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн).

Клиника және симптомдар.

Ауру тез басталады және дене температурасы кенеттен 39-40°С дейін көтеріліп, қалтыраумен бірге сипатталады. Бұл кезде өте жоғарғы дәрежедегі бастың ауруымен және қатты әлсіздікпен көрінеді, ұйқышылдықпен, бүкіл дененің қақсап ауруы, бұлшық еттердің және буындардың ауруы байқалады, іштің ауыруы, кейде құсу жүреді.Бастапқы кезеңде науқастарды қарап тексерген кезде, бет, мойын және кеуде үстіңгі бөліктерінің терісі қызаруы байқалады («симптом капюшона»).Вирус қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуына әкелетін қан тамырларының эндотелийін, сондай-ақ, бүйрек үсті безінің сыртқы қабатын және гипоталамусты бұзады, қан ұю процестерінің бұзылуына әкеледі. Аурудың 2-6 күнінде геморрагиялық синдром дамиды. Кеуде қуысының бүйір бетіндегі температура аздап төмендеген кезде, иық белдеуінің аймағында жоғарғы және төменгі бөліктерде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Инъекциялық жерлерде, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер байқалады. Осы кезеңде аурудың ауырлығы артады, есін жоғалту эпизодтары қайталануы мүмкін. Асқазан мен ішектің қан кетуі болжамды нашарлатады. Орташа есппен алғанда, дене температурасы 12 тәулікке дейін көтеріледі, сауығу баяу жүреді, әлсіздік (астения) 1-2 ай бойы сақталады. Геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мумкін.

Диагностикасы және емі

Ауруды тану, клиникалық деректерге негізделеді (жедел басталу, ауыр түрде өтуі, ауыр геморрагиялық синдром, маусымдық, анамнезінде кене шағуы). Вирусологиялық және серологиялық диагностиканың әдістері практикада сирек пайдаланылады. Емдеу инфекция бөлімінде жүргізіледі. Қабынуға қарсы ем тағайындайды, несеп шығуы қалыпқа келтіріледі.Бүйректің зақымдануын арттыратын препараттарды қолданылмайды.

Профилактика

Табиғи аудандарда кененің белсенді периодында, абайлау және ұқыпты болу керек. Кене шаққан кезде жедел түрде медициналық мекемеге хабарласыңыз.

 

Тегтер:

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.