.

Өкпедегі іркіліс | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Өкпедегі іркіліс

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Өкпедегі іркіліс өкпедегі ауа қалталарында сұйықтықтың ауытқулы жинақталуымен сипатталады, бұл ентігуге апарады.

 

Себептері

Өкпе  - кеуде қуысын толығымен алып жатқан қос ағза. Өкпе – тыныс алу жүйесінің басты ағзасы. Оның өлшемі мен пішімі тыныс алу фазасына (дем алу, дем шығару) байланысты өзгереді.    

Өкпедегі іркіліс көбінесе, жүрек жеткіліксіздігіне байланысты. Жүрек қанды тиімді айдай алмаса, жүректің сол жартысынан қанды жинайтын өкпенің көктамырында іркіледі.

Осы қантамырында қысымның артуына байланысты қанның сұйық бөлігі өкпедегі ауа кеңістігіне (альвеолаға) өтеді. Бұл сұйықтық өкпедегі газ алмасуын азайтуға ықпал етеді, бұл кейіннен ентігудің пайда болуына апарады.

Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі өкпедегі іркіліске апарады, оның себептері:

  • ​Жүрек ұстамасы немесе жүректің бұлшық етін әлсірететін (кардиомиопатия) жүректің кез келген ауруы,
  • Жүректің қақпақтарының жеткіліксіздігі немесе тарылуы (митралдық немесе аорталық қақпақтар)
  • Артериалдық қысымның кенеттен, ауыр көтерілуі (гипертония)

 

Өкпедегі іркілістің пайда болуының басқа себептері:

  • Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау
  • Биіктікте ұзақ уақыт болу
  • Бүйрек жеткіліксіздігі
  • Бүйрекке қан әкелетін артериялардың тарылуы
  • Өкпенің тіндерін улы газбен немесе ауыр инфекциямен зақымдау
  • Үлкен жарақаттар

 

Симптомдары

Өкпедегі іркілістің симптомдары:

  • Қанмен жөтелу, немесе қанды көпірік
  • Жатқан кезде тыныс алудың қиындауы (ортопноэ) – бірнеше жастықта ұйқтау ыңғайлы болуын байқайсыз
  • «оттегілік ашығу» немесе «суға бату» сезімі  (бұл сезімнен оянсаңыз, отырып, тыныс алуға тырысатын болсаңыз, бұл "түнгі пароксизмалдық ентігу " аталады
  • Тыныс алғанда естілетін бүлкілдеген дыбыстар, сырыл
  • Толық сөйлеммен сөйлей алмау, себебі, ентігу пайда болады.

 

Басқа симптомдары:

  • Үрей немесе мазасыздық
  • Сақтық деңгейінің төмендеуі (сананың)
  • Аяқтың ісінуі
  • Терінің солғындығы
  • Тершеңдік

 

Диагностика

Дәрігер тексеріп, стетоскоппен өкпені және жүректі тыңдайды. Тексеру барысында келесі анықталады:

  • Жүректің ауытқулы дыбыстары
  • Өкпенің сырылдауы
  • Жүрек жиырылуының жиілігінің артуы (тахикардия)
  • Терінің солғындығы немесе көгеруі
  •  Тыныс алудың жиілеуі (тахипноэ)

 

Қажетті тексеріс әдістеріне жататындар:

  • Қанның биохимиялық талдауы
  • Қандағы оттегі деңгейін анықтау (оксиметрия немесе артериялдық қанның газдары)
  • Кеуде қуысының рентгені
  • Қанның жалпы талдауы (ҚЖТ)
  • ЭхоКГ (жүректің УДТ (УЗИ)) – жүрек бұлшық етінің мәселесін анықтау үшін (мысалы, әлсіздігі, қабырғасының қалыңдауы, жүрек бұлшық етінің тиісті түрде босаңси алмауы, жүрек қақпақтарының жеткіліксіздігі немесе тарылуы, жүрек маңында сұйықтық жиналуы)
  • Электрокардиография (ЭКГ) – жүрек ұстамасын немесе жүрек ырғағындағы мәселелерді анықтау үшін.

 

Емдеу

Өкпедегі іркіліс әрқашан шұғыл жағдай және ауруханада емделуі тиіс, кейде қарқынды емдеу бөлімшесінде.

  • Оттегі мұрынға қойылған оттегі маскасы немесе кішкентай пластик түтік арқылы беріледі.
  • Науқастарды өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратына қосуда тыныс алатын көмейге  (кеңірдекке) арнайы тыныс алу түтігі енгізіледі.

 

Өкпедегі іркілістің себебін тез анықтап, емдеуді бастау қажет. Мысалы, бұл жағдайдың себебі жүрек ұстамасы болса, оны шұғыл тежеу қажет.

Өкпедегі іркіліс кезінде тағайындалатын дәрілік препараттарға жататындар:

  • Несеп айдайтын препараттар, олар организмдегі сұйықтықтың артығын жояды
  • Жүректің бұлшық етін нығайтуға, жүрек соғуының жиілігін бақылауға немесе жүрекке түсетін қысымды әлсіретуге арналған дәрілер.

 

Болжамы

Болжамы себебіне байланысты. Науқастың жағдайы тез немесе баяу жақсаруы мүмкін. Кейбір науқастарға ұзақ уақыт бойы  өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратына қосылу қажет болуы мүмкін. Емделмеген жағдайда ауру өмір үшін қауіпті.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Тыныс алу мәселесі болғанда дереу «103» телефоны арқылы «жедел жәрдемге» хабарласу қажет.

 

Алдын алу

Егер сізде өкпедегі іркіліске немесе жүректің бұлшық етінің әлсіреуіне апаратын ауру болса, барлық дәрілік препараттарды дәрігердің нұсқауына сай қатаң қабылдау қажет. Тұздың және майдың мөлшері аз емдәмді қадағалау бұл жағдайдың даму қаупінің алдын алуға айтарлықтай көмектеседі.

 

Синонимдары

Өкпенің ісінуі.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.