.

Сперматоцеле (аталық бездің кистасы) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сперматоцеле (аталық бездің кистасы)

Мазмұны

Сперматоцеле дегеніміз не?

Сперматоцеленің пайда болу себептері қандай?

Бұл ауру қаншалықты жиі кездеседі?

Сперматоцеленің симптомдары қандай?

Сперматоцеле қалай анықталады?

Ауру қалай емделеді?

Хирургиялық емдеуден не күтуге болады?

 

 

Ерлердің репродуктивті жүйесінің ағзаларына жыныстық мүше, ұма, ұрықтық көпіршіктер және қуық асты безі жатады.

Сперматоцеле дегеніміз не?

Сперматоцеле, аталық бездің кистасы – ұманың маңайындағы сұйықтық толған, ауырсынбайтын, қатерсіз түзіліс, ол ұрық сұйықтығының ағуының бұзылысы нәтижесінде пайда болады. Сперматоцеле әдетте, аталық бездің жоғарғы бөлігінде немесе артында орналасады. Кистаның қабырғасы әдетте, тегіс, ақшыл, бұлыңғыр сұйықтықпен толған, және әдетте, шәует болады. Сперматоцеле тұрақты болуы мүмкін, немесе өседі. Егер оның өлшемі айқын ұлғайса, және ауырсыну пайда болса, емдеудің мүмкін нұсқаларының бірін орындау қажет. Жалпы, сперматоцеле аса күрделі ауру емес.

 

Сперматоцеленің пайда болу себептері қандай?

Сперматоцеленің пайда болуының нақты себебі белгісіз. Сперматоцеле жарақаттың немесе қабынудың нәтижесінде пайда болуы мүмкін, бірақ, бұл міндетті түрде емес. Киста шығу түтіктері мен қосалқылардың бітелуінде де пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, мүмкін себебі ретінде диэтилстильбэстролдың (ДЭС), эстрогеннің жасанды түрінің құрсақ ішінде әсерін де қарастырады.

 

Бұл ауру қаншалықты жиі кездеседі?

Сперматоцеленің даму жиілігі нақты зерттелмеген, бірақ, барлық ерлердің 30 % шағын кисталар болады деп саналады, ал үлкен сперматоцеле сирек кездеседі. Аурушаңдық жасқа байланысты артады, сперматоцеле 40-50 жаста көп анықталады. Ауруға нәсілдік немесе этникалық бейімділік жоқ.

 

Сперматоцеленің симптомдары қандай?

Сперматоцеле әдетте, симптомсыз өтеді. Дегенмен, кейде ерлер ұманың аумағындағы ауырлыққа, батып ауырсынуға, жайсыздыққа шағымданады.

 

Сперматоцеле қалай анықталады?

Сперматоцеле әдетте, ұманың аумағын науқастың өзі немесе дәрігер қарағанда анықталады. Диафаноскопия (жарық сәулесін өткізіп, қарау) кезінде сәуле сперматоцеле арқылы өтеді, бұл түзілістің күрделі іс еместігін, қатерсіз киста екендігін көрсетеді. Ультрадыбыстық зерттеу ауруды анықтаудың сенімді, араласуы аз және қымбат емес әдісі.

 

Ауру қалай емделеді?

Көпшілік жағдайларда сперматоцеле жайсыздық туындатпайды және науқастар оны көбінесе, байқамайды. Ауырсыну болмаса, науқасты жай бақылау ұсынылады. Дегенмен, кейбір науқастар кистаның өлшеміне байланысты жайсыздық, ауырсынуды сезінеді. Мұндай жағдайларда емдеудің келесі нұсқалары ұсынылады:

Дәрімен емдеу: сперматоцелеге байланысты ауырсынуды жеңілдету үшін анальгетиктер немесе қабынуға қарсы құралдар тағайындалады. Сперматоцелені емдеу үшін басқа ешқандай дәрі қарастырылмайды.

Емдеудің араласуы аз әдістері: Аспирация және склеротерапия – сперматоцелені емдеуде сирек қолданылатын екі тәсіл.  Аспирация кезінде сперматоцелені инемен тесіп, ішіндегісін шприцтің көмегімен  алады. Склеротерапия кезінде тітіркендіретін бөлікті  сперматоцеленің қуысына енгізеді, бұл оның қабырғасының түсуіне және сұйықтықтың түзілуінің тоқтауына ықпал етеді. Кейбір жұмыстарда емдеудің бұл әдістерінің тиімділігі және қауіпсіздігі сипатталғанымен, жалпы, олар ұсынылмайды. Сперматоцеленің қайталануы – асқыну, емдеудің екі әдісінен кейін де кездеседі, химиялық эпидидимит және ауырсыну склеротерапияның асқынулары. Аспирация және склеротерапия қосалқылардың зақымдану қаупі салдарынан ұрпақ өрбіту жасындағы ерлерде қолданылмайды, нәтижесінде, ұрық шығару жолдарының өткізгіштігі бұзылады.

Хирургиялық емдеу: Сперматоцелеэктомия – симптомдық кисталарды емдеудің стандарттық әдісі, бұл шара кезінде  сперматоцелені хирургиялық жолмен алып тастау және оны қасындағы қосалқының тінінен ажырату қарастырылады. Хирургиялық емдеудің мақсаты – сперматоцелені алып тастау, ерлердің репродуктивтік жүйесінің тұтастығын сақтай отырып. Сперматоцелеэктомия – амбулаторлық шара, жергілікті немесе жалпы анестезиямен, бір сағат ішінде орындалады. Кейде операция кезінде қосалқы алынып тасталады.

 

Хирургиялық емдеуден не күтуге болады?

Ұманы ұстап тұратын арнайы таңғышты  (суспензорий) салғаннан кейін науқасты үйге шығарады. Ісінуді азайту үшін екі –үш күн бойы шап аумағында мұз салынған пакетті қою ұсынылады. Ауырсынуды басатын дәрілік препараттар операциядан кейін 1-2 күнге тағайындалады. Науқастар шара өткеннен кейін 48 сағаттан соң жуына алады. Дәрігерге қайта келу операциядан кейін 1-3 аптадан кейін тағайындалады.  Суспензорийді 7-14 күн бойы ұстау қажет. Ұманың ісінуі әдетте, 2-21 күн бойы сақталады.

Сперматоцелеэктомияның асқынуы сирек болады, бірақ, оған қызба, жұқпалар, қан кетуі, қайталану және ұдайы ауырсыну кіреді. Сперматоцеленің қайталануы шамамен, 10-25% жағдайда пайда болады. Сондай-ақ, ұрық шығару жолдарының бітелуі пайда болуы мүмкін, бұл бедеулікке апаруы мүмкін. Сондықтан, бұл әдіс балалы болуды жоспарлайтын ерлерге, көбінесе, ұсынылмайды. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.