.

Тромбоцитопения | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тромбоцитопения

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

  

Жалпы ақпарат

Тромбоцитопения – қандағы тромбоциттер (қан пластинкалары) мөлшерінің азаюы.

               

Тромбоциттерқан айналымында жүретін қан пластинкалары, сүйек кемігінде (орталық қан өндірімі ағзасы, сүйектің кеуекті заттегінде және сүйек-ми қуысында орналасқан) түзіледі. Тромбоциттер жараланғанда қан ұйындысын түзу арқылы қан кетуінің алдын алады. тромбоциттердің төмен мөлшері күрделі қан кетуінің қаупіне апарады. жоғары мөлшерінде тромбылар – қан ұйындысы түзілу қаупі артады. Тромбоциттерде болатын фактор (тромбоцитарлық өсу факторы) есебінен олар жараның жазылуына ықпал етеді. Тромбоциттер микротамырлар қабырғасының беріктігін қамтамасыз етуде қатысады.

Себептері

Тромбоцитопения - алғашқы (өздігінше ауру) және екінші (түрлі аурулардың салдары) түрлі болады.

Алғашқы тромбоцитопения -  идиопаттық  тромбоцитопениялық қанталау бөріткен (пайда болу себебі белгісіз, бөріткенмен сипатталады), бұл кезде организмде өзінің тромбоциттеріне қарсы антиденелер (қорғаныс денелері) өндіріледі. Организмнің мұндай серпінінің себебі белгісіз.

Екінші  тромбоцитопенияға апарады:

·         Ауыр теміртапшылықты анемия

·         Инфекциялар (бактериялар, вирустар) – суық тию аурулары, тұмау, герпес инфекциясы, гепатит, инфекциялық мононуклеоз (жіті вирустық ауру), АИТВ(ВИЧ) (адамның иммундық тапшылық вирусы).

·         Үлкен қан кетуі

·         Стероидтық емес қабынуға қарсы, қанды сұйылтатын, несеп айдайтын препараттар және кейбір антибиотиктер (дәрілік аллергиялық тромбоцитопения) секілді дәрілерге аллергиялық серпін.

·         Сүйек кемігінің зақымдануы (жарақат, ісік)

·         Интоксикациялар (бензол, толуол).

·         Сәулелену ауруы – радиацияның нәтижесінде пайда болатын ауру.

·         Тиреотоксикоз – қалқанша без гормондарының деңгейінің тұрақты жоғарылауынан туындайтын жағдай.

·         организмде фолий қышқылының немесе В дәруменінің тапшылығы.

 Симптомдары

·         қан кетуге бейімділік (мұрыннан, қызыл иектен, мол етеккір келуі).

·         Көбінесе аық терісіндегі ұсақ нүктелі қанталаулар.

·         Себепсіз көгерулер пайда болуы.

·         Аздаған тері зақымдануынан немесе тіс жұлудан кейін қан кетудің тоқтауының қиындауы;

·         Жаралардың жазылуына ұзақ уақыт кетуі.

 Диагностика

Тромбоцитопенияның  диагностикасы үшін келесі тестілер қолданылады:

·         Қанның жалпы талдауы – тромбоциттер санының азаюы байқалады, толық жойылуына дейін.

·         Коагулограмма – қан ұюының плазмалық факторларының қалыпты немесе артық мөлшері болуы мүмкін;  протромбинді (күрделі ақуыз – қан ұюының көрсеткіші) тұтынудың төмендеуі, қан ұйындысының ретракциясының (көлемінің азаюы) бұзылуы.

·         Қан кетуі уақытын анықтау – көпшілік науқастарда ұлғаяды.

·         Қылтамырлардың тұрақтылығына (беріктігіне) сынама – күрт оң болады, тромбоциттер қызметінің бұзылуымен байланысты қылтамырлардың сынғыштығының артуы. Сынамада теріс қысым әсерінен кейін (мысалы, банкелік сынамада) теріде нүктелік қанталаулар байқалады. 

Емдеу

Алғашқы тромбоцитопенияны емдеу:

·         глюкокортикостероидтарды (бүйрек үсті бездері қабығы өндіретін эндогендік гормондардың аналогтары) қолдану, мысалы, преднизолон. 

·         Көк бауырды алып тастау (спленэктомия) – көк бауырдағы тромбоциттердің мол ыдырауында.

Екінші  тромбоцитопенияны емдеу:

·         Алғашқы себебін емдеу.

·         айқын тромбоцитопенияда, алғашқы себебін емдеумен қатар, донорлық тромбоциттер құйылады. Емдеудің мұндай әдісін қолдану науқасқа  тромбоцитопениядан уақытша арылуға мүмкіндік береді.

Болжамы

Алғашқы тромбоцитопениясы бар науқастар өмір бойы бақылануы тиіс, себебі, тромбоциттер деңгейі күрт төмендесе  ауру ауыр асқынумен қауіпті. Үрдістің асқынуын жіті инфекциялық ауру, жүйкелік немесе дене ширығуы, ауа райының күрт өзгеруі, кейбір медициналық препараттар (аспирин) туындатуы мүмкін,

Екінші  тромбоцитопенияда болжам тромбоциттердің деңгейінің төмендеуін туындататын алғашқы  себепке байланысты, сондықтан, бұл оң (темір тапшылықты анемияда) және күмәнді (қатерлі ісіктің сүйек кемігіне метастаздарында) болуы мүмкін.  

Қашан дәрігерге көріну қажет

Тромбоцитопенияның алғашқы белгілерінде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Алдын алу

Бұл ауру пайда боламас үшін ауруларды уақытылы емдеу және салауатты өмір салтын ұстану қажет. кез келген ауруларда өздігінше емделуге болмайды.

Тромбоцитопениясы бар балалар жарақатқа апаратын жағдайлардан алшақ болуы қажет. бұл ауру бар болса, балаға жарақат қаупі болатын спорт түрлерімен айналысуға қатаң тыйым салынады.

Жасөспірімдермен алкогольдің зияны туралы әңгіме өткізген жөн,себебі, ол тромбоциттердің өндірілуін бәсеңдетеді. Ауру кезінде аспирин және басқа қабынуға қарсы препараттар секілді дәрілерді қолдануға болмайды. Мұндай дәрілер тромбоциттердің қызметінің бұзылуына әсер етуі және қан кетуін туындатуы мүмкін.

 

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.