.

Жіті панкреатит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жіті панкреатит

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Жіті панкреатит – ұйқыбезінің қабынғандағы жіті ауруы. 

Бұл бейне іш қуысының жоғарғы бөлігінің компьютерлік томографиясы, бейнеде жіті қабынудан туындаған (панкреатит) ұйқыбезі тіндерінің қабынуы және ісінуі  айқын көрінеді.

 

Себептері

Ұйқыбезі асқазанның артында орналасқан. Ол ас қорыту ферменттерін (энзимдерді) және инсулин, глюкагон секілді гормондық ферменттерді өндіреді.  Ас  қорыту ферменттері аш ішектің саңылауына түседі, ол жерде белсеніп, ас қорыту үрдісінде маңызды буынға айналады.

Адамның ас қорыту жүйесінің ағзалары

Егер ферменттер ұйқыбезінде белсенді болса, ұйқыбезінің тіндерінің өзін қорытуы орын алады, ұйқыбезінің және оның қантамырларының ісінуіне, қанталауына, зақымдануына апарады.

Жіті панкреатит әйелдерге қарағанда ерлерде жиі пайда болады. Жекелеген аурулар, оперативтік араласулар, зиянды әдеттер мен дұрыс тамақтанбау бұл аурудың даму қаупін арттырады.

Ауру көбінесе, алкоголизмнен және алкогольді шамадан тыс тұтынудан (АҚШ-та -70% жағдайда) туындайды. Генетикалық факторлар да аурудың дамуына әсер етеді. Басқа жағдайларда себебі белгісіз.

Панкреатитті туындататын басқа аурулар:

• Аутоиммундық мәселелер (егер иммундық жүйе өзіндік организмді зақымдайтын болса)

• Ұйқыбезінің немесе ұйқыбезі ферменттері бөлінетін жалпы өт түтіктерінің бітелуі,

• Хирургиялық араласу кезінде түтіктердің немесе ұйқыбезінің зақымдануы

• Қандағы үшглицеридтер деңгейінің артуы (май қышқылдарының) (гиперүшглицеридтік)

• Зақым жағдайындағы ұйқыбезінің зақымдануы

Қосымша себептері:

• Муковисцидоз асқынулары

• Гемолитикалық-уремиялық синдром

• Гиперпаратиреоз

• Кавасаки ауруы  

• Рей синдромы

• Қандай да бір дәрілік препараттарды тұтыну (әсіресе, эстрогендерді, кортикостероидтарды, несеп айдайтын препараттарды, мысалы, тиазид және имуран)

• Вирустық инфекциялар, паротит (борықтану), Коксаки вирустары, микоплазмалық пневмониялар және кампилобактериялар.

 

Симптомдары

Панкреатиттің басты және негізгі симптомы – сол жақ қабырғаның астында  немесе іштің ортасындағы жіті ауырсыну.

Ауырсыну:

• Майлы тамақты немесе сусындарды тұтынғаннан кейін бірнеше минуттен кейін күшейеді.

• ұдайы және бірнеше күн ішінде жалғасады.

• арқамен жатқанда күшейеді

• Арқаға немесе сол жауырыннан төмен тұсқа ауырыну береді.

 

Жіті панкреатитке шалдыққан адамдарда қызба, жүрек айнуы, құсу және тершеңдік байқалуы мүмкін.

Бұл ауруда пайда болатын қосымша симптомдар:

• жер түсті нәжіс

• желденудің артуы

• кекіру

• ас қорытудың бұзылысы

• тері мен көздің ағының аздап сарғаюы (сары ауру)

• терінің бөріткені немесе ойықжара

• іштің кебуі

 

Диагностика

Тексергенде дәрігер анықтайды:

• іш қуысындағы ауырсыну сезімі немесе ісіну

• қызба

• төмен қысым

• жүректің жиі соғуы

• жиі тыныс алу

Зертхана талдаулары ұйқыбезі бөлетін ферменттердің деңгейінің келесі өзгерістерін көрсетеді:

• қандағы амилаза деңгейінің артуы

• қан сарысуындағы липаза деңгейінің артуы

• несептегі амилаза деңгейінің артуы

 

Қосымша зертханалық талдаулар панкреатиттің асқынуларын анықтауға көмектеседі:

• қанның жалпы талдауы (ОАК)

• қанның толық ферменттік панелі

 

Ұйқыбезінің қабынуын көрсететін басқа тексеру әдістері:

• іш қуысының компьютерлік томографиясы

• іш қуысының МРТ

• іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі.

 

Емдеу

Көбінесе, емдеуді жүргізу үшін ауруханаға жатқызу қажет болады:

• ауырсыну ұстамасын басатын дәрілік препараттар

• көктамыр (вена) арқылы ерітінділер құйылуы

• ұйқыбезіне жүктемені азайту үшін тамақ тұтынуды шектеу.

 

Кейде мұрын немесе ауыз арқылы назогастральдық зонд (түтік) орнатылады, ол арқылы асқазанның ішіндегісі алынады. Бұл әдіс құсу немесе күшті ауырсыну басылмайтын болса немесе ішек парезінің (салдануы) дамуы мүмкін болса қолданылады. Зонд 1-2 күннен 1-2 аптаға дейін қойылады.

Ауруды емдеу қайталанған ауырсыну ұстамасының пайда болуының алдын алады.

Кейбір жағдайда қажет:

• ұйқыбезінің айналасындағы немесе оның ішіндегі сұйықтықты сорып алу

• өт тастарын алып тастау

• ұйқыбезінің түтігін босату.

 

Аса ауыр жағдайларда оперативтік араласу қажет болады, ұйқыбезінің беріштенген немесе зақымданған тінінің бөлігін алып тастау үшін.

Панкреатит ұстамаларына шалдыққан науқастар үшін алкогольді сусындар, майлы тамақ тұтынуға, темекі шегуге болмайды.

 

Аурудың болжамы

Аурудың симптомдары апта барысында басылады. Бірақ, ауру өмірге қауіпті сатыға өтуі де мүмкін.

Өлім-жітім қаупі артады, егер:

• Геморрагиялық панкреатитте – ұстама қан кетуімен қосарланғанда

• бауырдың, жүректің немесе бүйректің жұмысының бұзылысында

• беріштенген панкреатитте

 

Панкреатиттің қайталану қаупінің ықтималдығы аурудың пайда болу себебіне және емдеудің тиімділігіне байланысты.

 

Мүмкін асқынулары

• Жіті бүйрек жеткіліксіздігі

• жіті респираторлық дистресс-синдром (ОРДС)

• іш қуысында сұйықтық жиналуы (асцит)

•  ұйқыбезінің абсцесі және кистасы

• жүрек жеткіліксіздігі

• артериалдық қысымның төмендеуі.

Жіті панкреатиттің қайталанған көріністері созылмалы түріне апарады.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге хабарлаңыз, егер:

• ішіңізде күшті, ұдайы ауру мазаласа

• жіті панкреатиттің басқа симптомдары пайда болса.

 

Алдын алу

Панкреатиттің жаңа немесе қайталанған көріністерінің даму қаупін азайтуға болады, ол үшін аурудың алдын алатын ережелерді ұстану қажет:

• алкогольді шектеңіз.

• Балалардағы қызбаны емдеу үшін аспирин қолданбаған жөн, әсіресе, егер оларда вирустық ауру болса. Бұл Рей синдромы дамуының алдын алу үшін маңызды.

• Балаларды паротиттен (борықтану) және басқа балалар ауруларынан вакцинациялауды өткізіңіз («Иммунизация – жалпы шолуды» қараңыз).

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.