.

Бел-сегізкөз радикулитінің | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Бел-сегізкөз радикулитінің

Мазмұны

Белдің ауырсынуы дегеніміз не және ол ненің салдарынан туындайды?

?Белдің ауырсынуының симптомдары қандай

?Белдің ауырсынуының себебі қалай анықталады

?Белдің ауырсынуының қауіп факторлары қандай

Емдеу

Үйдегі емделу

?Дискінің жарығы бойынша операция жасау қажет пе

?Дискінің жарығы дегеніміз не

?Дискінің жарығы кезінде қандай операциялар жасалады

 

Белдің ауырсынуы дегеніміз не және ол ненің салдарынан туындайды?

Бел – бұл сүйектерден, бұлшық еттерден және байламдардан тұратын құрылым. Бел дененің жоғарғы және төменгі бөлігін қосатындықтан, ауыр заттарды көтергенде, бір нәрсеге қол созғанда немесе омыртқа бұратылғанда ол жарақаттарға аса бейім.  Беліміз ауырсыну пайда болғанда, арқаның икемділігіне, күштілігіне тәуелді екендігімізді түсінеміз. Белімізде ауырсыну пайда болғанға дейін көпшілігіміз арқаның және іштің бұлшық еттерінің ширақтығын сақтаудың маңыздылығы туралы ойланбаймыз.

Барлық адамдардың 85% жуығы белінде ауырсыну сезінген. Көбінесе, белдің ауырсынуы бұлшық еттердің шамадан тыс ширығуының және омыртқа бағанын қолдап тұратын бұлшық еттер мен байламдардың жарақаттарының салдарынан туындайды. Сирек түрде белдің ауырсынуы ауруларға немесе омыртқа бағанының деформациясына байланысты да болады.

Белдің ауырсынуының түрлері: 

  • Жіті, 3 айға дейін созылады. Көпшілік адамдарда үйде 4-6 апта емделгеннен кейін ауырсыну жеңілдейді. 
  • Қайталанатын, жіті симптомдардың қайталанатын көріністерімен. Көпшілік адамдарда белдің ауырсынуының қайталануының, кемінде, бір көрінісі байқалады. 
  • Созылмалы, 3 айдан артық созылады.

 

Белдің ауырсынуының симптомдары қандай?

«Белдің ауырсынуы» термині симптомрдардың бірқатар ауқымын сипаттау үшін қолданылады. Себептеріне қарай белдің ауырсынуы батып, күйдіріп, жіті түрде ауырсыну, үлкен аумақты қамтитын немесе бір нүктеде шектелген болады. Біртіндеп дамуы немесе кенеттен пайда болуы және бұлшық еттік түйілумен немесе сіресумен қосарлануы, немесе оларсыз өтуі мүмкін.

Аяқтағы симптомдары (ауырсыну, ұйып қалу немесе шаншу, әдетте, тізеден төмен) омыртқа бағанының төменгі бөлігіндегі бұзылыстарға байланысты аяққа баратын нервтің қысылуынан туындауы мүмкін; олар өздігінше немесе белдің ауырсынуымен бірге байқалуы мүмкін.  

Екі аяқтағы әлсіздік несеп қапты және/немесе ішекті бақылау қызметін жоғалтумен қоса «жылқы құйрығы» аталатын синдромды білдіреді, бұл жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету қажет.

 

Белдің ауырсынуының себебі қалай анықталады?

Дәрігер белдің жіті ауырсынуын науқастың өткендегі аурулары, жұмысқа және дене белсенділігі, сондай-ақ, қарапайым тексерулердің негізінде анықтайды. 95% жағдайда емдеуге ұсыныстар беру үшін дәрігерге осы деректер жеткілікті.

Кейде арқа аумағындағы бұзылыстар туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік беретін күрделі көрнекілік тексеру әдістері  қолданылады. Арқа  аумағындағы бұзылыстарды анықтаудың көрнекілік тексеру әдістеріне жататындар: магниттік- резонанстық томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ), сүйектерді сканерден өткізу және рентгендік зерттеу.

МРТ және компьютерлік томография нервтердің сығылуына байланысты бұзылыстарды туындататын дискінің жарығын немесе омыртқа каналының тарылуын бірдей дәрежеде дәл көрнекілікпен көрсетуге қабілетті. МРТ компьютерлік томографиядан артықшылығы - МРТ кезінде иондаушы сәулелену қолданылмайды. 

Егер тексерудің нәтижелері науқаста күрделі аурудың болуын болжаса, симптомдар 4-6 аптадан артық созылса, немесе науқастың арқасында ұдайы күшті ауырсыну, аяқтың ауырсынуы немесе ұйып қалуы болса, көрнекілік зерттеу әдістері науқастың ауруының табиғатын ашып, себебін анықтай алады.

 

Белдің ауырсынуының қауіп факторлары қандай?

Орта жастағы ерлерде, отбасының мүшелерінің бірінде арқасы тарапынан бұзылыстар болса, немесе жүктіліктің толық мерзімін аяқтаса, белдің ауырсыну қаупі жоғары болады. Сондай-ақ, қауіп факторларына жататындар: темекі шегу, артық салмақ, көп отыратын өмір салты, ұдайы ширығу, арқаның дірілдеуі немесе бұратылуы, сүйекті әлсірететін дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау (мысалы, кортикостероидтарды).

Белдегі жіті ауырсыну. Көпшілік жағдайда белдің ауырсынуы үйдегі емдеу кезінде басылады. Белдің ауырсынуының алғашқы симптомдарында келесі емдеуді бастаңыз:  

3 күн мұз басып, содан кейін ылғалды жылу қою қажет. Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттарды ауырсынуды басу үшін қабылдауға болады. Күнделікті белсенділікті жалғастыруға болалы, егер арқадағы ауырсыну күшеймесе.  Екі күннен аса төсекте болу режимі сауығуды  бәсеңдетеді.

Белдің күшейетін немесе жалғасатын ауырсынуы. Егер 4 апта бойы үйдегі емдеуге қарамастан, симптомдар күшейетін болса, немесе өтпесе,  тексерілу және үйдегі емдеуді жалғастыру үшін дәрігерге көрініңіз. Уқалауды, акупунктураны немесе баламалық медицинаның басқа, ыңғайлы түрлерін қолдануға болады. Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша белгісіз себепті белдің ауырсынуында немесе  бұлшық еттің түйілуінде аталған емдеу түрлері әркімге әр түрлі әсер етеді. Бір шағын зерттеу көрсеткендей, психологиялық фактор маңызды роль атқарады: адамның аса сеніп жасаған ем-шарасы белдің ауырсынуын жойған.

Белдің созылмалы ауруы Егер белдің мәселесі 3 айдан артық уақытқа созылса, науқас созылмалы ауырсынуды емдеп үйренуі қажет.  Созылмалы ауырсынуды денелік және жігерлік тұрғысынан жеңу үшін бірнеше маманнан кеңес алу қажет, емдік дене шынықтыру маманын қоса – арқаға және ішке арналған жаттығулар кешенін таңдау мәселесі бойынша. Белдің созылмалы ауырсынуында көмектесетін емдеудің қосымша түрлеріне ауырсынуды жеңу дағдыларына үйретудің танымдық-мінез-құлықтық емдеуі, сондай-ақ, ауырсынуды басу үшін жұлын каналына инъекция салу немесе үшциклдік антидепрессанттарды қабылдау жатады.

Белдің созылмалы ауырсынуын емдеу үшін бірқатар тәжірибелік немесе тексерілмеген емдеу әдістері де бар, оның ішінде, диск ішілік электротермиялық емдеу (ВДЭТ), морфинді сорғыштар және лазерлік дискэктомия.  Бұл әдістерге сақтықпен қараңыз, мұндай емдеуге кірісу үшін бірнеше пікірді білу қажет.

Белдің ауырсынуын емдеу үшін сирек жағдайда операция қажет болады. Белдің ауырсынуын туындататын кейбір жағдайларда (мысалы, дискінің жарығында) операция көмектесуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайларда да көпшілік адамдар операциясыз емделе алады.

 

Емдеу

Белдің ауырсынуын емдеудің нұсқалары әр түрлі: үйдегі емдеуден бастап, арқаның созылмалы ауруларына қатысты тәжірибелік –инвазитік ем-шараларға дейін. Емдеудің кейбір әдістері белдегі созылмалы ауруды емдеу үшін жарамды, бірақ, жіті ауырсынуды басуға жарамсыз болады.

Белдің жіті ауырсынуын басу үшін екі әрекетті әдіс:

  1. Белсенділікті сақтау (төсекте жатпау); 2) қабынуға қарсы препараттарды қабылдау. 

Белдің созылмалы ауырсынуын емдеудің тиімді екі әдісі:

1) науқастың бұлшық етінің күшін нығайтуға бағытталған жаттығулар; 2) созылмалы ауырсынуды емдеу.

Белгісіз себепті белдің ауырсынуына немесе бұлшық еттің түйілуіне емдеудің әдістері әркімге әр түрлі әсер етеді. Бір шағын зерттеу көрсеткендей, адамның аса сеніп жасаған ем-шарасы белдің ауырсынуын жеңуге көмектеседі.

Егер науқастың белі жарақатқа жақында ұшыраса, оны бірнеше аптаның ішінде табысты емдей алады.

Алдымен үйдегі емдеу әдістерін қолдану қажет, оған 3 күн бойы мұз басу, одан кейін ылғал жылуды қою,  сондай-ақ, стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау жатады.

Науқас өзінің күнделікті белсенділігіне, мүмкіндігінше, тезірек оралуы қажет (төсекте болу сауығуды бәсеңдетеді). 

Шыдамдылық қажет: белдегі жіті ауырсынудың  90% жағдайлары  3 айдың барысында тек үйдегі емделу арқылы табысты емделеді. 

Көптеген адамдарда белдің ауырсынуының, кемінде, бір қайталануы болады. Науқастың белінде ауырсыну болса, арқасы бұрынғыдан әлжуаз болатынын есте ұстауы қажет. Омыртқаға күтім жасауды күн тәртібіне міндетті енгізу қажет:

Іштің және арқаның бұлшық еттерінің күшін сақтау қажет, ауырды дұрыс көтеріп, арқаны дұрыс ұстауды қадағалау қажет.

 

Үйдегі емдеу

Науқастың жағдайында қосымша медициналық емдеу қажеттігіне қарамастан, үйдегі емдеу белдің ауырсынуының сауығуы үшін аса маңызды.

Белдің жіті ауырсынуыНауқас арқасының алғаш жіті ауырсынуын сезінсе, шұғыл  дәрігердің назарын талап ететін симптомдарды білуі тиіс. Егер науқаста күрделі аурудың симптомдары болмаса, үйде емделіп көруіне болады.

Ауырсыну басталғаннан кейінгі алғашқы бірнеше күн бойы белдің ауырсынуындағы көмек көрсетудің бастапқы ұсыныстарын орындау қажет. Мысалы, бөксені айналдыра қозғау, бұл жаттығу омыртқаны жұмсақ ажыратып, белді созады.

 Күнделікті жүктемені азайтқан жөн. Зерттеулерге сай, дене белсенділігін сақтауға қарағанда төсекте болудың пайдасы аз (ауырсынуды басу үшін). Бірақ, жүктемелердің көлемін азайту қажет. Белдің ауырсынуын туындататын қимылды жасаудан алшақ болу қажет.

Ауырсынуды басатын дәрілерді немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау қажет, сондай-ақ, арқаның ауырсынуын азайту үшін оған мұз немесе жылу қою қажет.

Созылмалы ауырсынуды емдеу. Егер белдің ауырсынуы 3 айдан артық уақытқа созылса, науқастың созылмалы ауырсынуды емдеп үйренуі өмірлік маңызды. Организм ұдайы ауырсынуға сезімтал бола бастағандықтан, физиологиялық түрдегі серпінінің салдарынан ауырсыну ұдайы күйге көшеді.

Созылмалы ауру кезінде психологиялық кеңес және дәрі-дәрмекпен емдеу қажет, себебі, ауырсыну іштей-сырттай қажытады. Жағдайға байланысты түрде үйдегі емдеу шеңберінде келесі емдеу түрлерінің бірін немесе бірнешеуін қолданып, ауырсынуды бақылауға алуға болады:

  • Арқаның бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған жаттығулар: қажетті жаттығулардың тізімін алу үшін емдік дене шынықтыру бойынша маманға немесе емдеуші дәрігерге бару қажет. 
  • Екі күн бойы ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдау – ауырсынуды басу үшін. 
  • Емдік уқалау – бұлшық етінің түйілуін басу үшін.
  • Омыртқа бағанын түзету – бұл шараны мануалдық емдеу маманы жасауы тиіс.
  • Акупунктура (инемен емдеу).
  • Үшциклдік антидепрессанттар –созылмалы ауырсынуды емдеу үшін. Дәрілердің бұл түрі көңіл-күйді ғана емес, созылмалы ауырсыну кезінде қосымша ауырсынуды басатын әсері де бар. 
  • Ауырсынуды басатын препараттардың инъекциясы немесе кортикостероидтар (гормондар) – ауырсыну сезімін тежеу немесе қабынуды азайту үшін. 
  • Нейростимуляция  аппараттарының көмегімен жұлынды ынталандыру – белдегі күшті созылмалы ауырсыну кезінде қолданылуы мүмкін.

Белдің ауырсынуын оның күшейген немесе қайталанған кезінде емдеу.
Науқаста екі күннен артық белінің ауырсынуы болса, арқасының немесе аяқтарының жағынан симптомдары күшейсе немесе үйдегі 4 апталық емдеуден кейін де сақталса, дәрігерге көріну қажет. Объективті тексеру және зерттеудің көрнекілік әдістері науқастың жағдайы туралы жаңа ақпарат беріп, әрі қарай емдеу тактикасы жөнінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Егер белдің жеңіл немесе орташа ауырсынуының ешқандай күрделі себебі анықталмаса (бұл 85% жағдайда болады), науқасқа үйдегі емдеуді жалғастыруына кеңес беріледі. Аурудың симптомдарын ушықтырмаса, күнделікті арқаны нығайтатын жаттығуларды орындау ұсынылады. Стероидты  емес қабынуға қарсы препараттар, жылы ылғал басу, уқалау пайдалы болады.
Егер ауырсыну күшті болса, дәрігер опиаттар тобынан ауырсынуды басатын дәрілердің қысқа мерзімдік курсын, стероидтардың (гормондардың) эпидуралдық инъекцияларын, немесе бұлшық еттік релаксанттарды ұсынуы мүмкін. Бұл препараттардың оң әсерімен қатар қарымды зиянды және жанама әсерлері де бар.

Егер науқаста негізгі ауру болса – мысалы, дискінің жарығы, омыртқа бағанының тарылуы, анкилоздық спондилит, остеоартритқатерлі ісік  немесе инфекция болса, осы ауруларды емдеу үшін науқас тиісті мамандарға баруы тиіс. 
 
Операция

Белдің ауырсынуын  емдеу үшін оперативтік емдеу сирек қолданылады; көпшілік жағдайда ауырсынудың себебін хирургиялық түрде жою мүмкін емес, себебі, ол белгісіз. Оперативтік емдеу омыртқа бағанының төменгі бөлігінде бұзылыстары бар адамдардың 1%-нан аз санында жасалады.   Омыртқа бағанының төменгі бөлігінде  жасалатын операциялардың көпшілігі диск жарығына  қатысты орындалады. Сонымен қатар, дискінің жарығы бар адамдардың көпшілігіне операция қажет болмайды. Көбінесе, диск жарығына  қатысты операция дискінің бұзылыстары ауыр және жеке түрдегі құяңға апарғанда жасалады.

Оперативтік емдеу келесі жағдайларда орындалады:

  • Жарақаттың  нәтижесіндегі омыртқаның сынықтары. 
  • Жұлын сарысуының инфекциялары . 
  • «Омыртқа бағанының тұрақсыздығы» жағдайы – мысалы, спондилолиз және спондилолистез. 
  • Жұлынның ісігі.

Оперативтік емдеудің нұсқалары

Омыртқа бағанының төменгі бөлігінде  жасалатын операциялардың нұсқалары әр  түрлі және омыртқа бағанының төменгі бөлігіндегі мәселелердің себебіне байланысты болады.

Дискінің жарығына қатысты операция кезінде жұлынды немесе нерв түбіршегін қысатын дискінің заттегі алынып тасталады.

Жұлындық каналдың тарылуына қатысты операциялар (жұлынды омыртқаға артродез жасаумен (буынды бекіту) немесе жасамастан декомпрессиялау (қысымын азайту)) кезінде тарылған жұлын каналының кеңеюі жүргізіледі және жұлынның немесе түбіршектердің қысылуы жойылады. 

Спондилолистез және «омыртқа бағанының тұрақсыздығының» басқа көріністеріне қатысты  омыртқаны анкилоздау операциясы кезінде  (артродез) омыртқалар жұлынға немесе түбіршектерге қысымын азайтуы үшін бір-бірімен қосылады.

Жұлынның ісіктеріне қатысты операцияларға ісікті артродез жасаумен немесе жасамастан алып тастау және тұрақтандыру жатады.  

Омыртқаның инфекциялық зақымдануына қатысты операциялар кезінде  оны артродез жасаумен немесе жасамастан хирургиялық өңдеу жүргізіледі.

 

Дискінің жарығы бойынша операция жасау қажет пе?

Бұл ақпарат науқасқа өзінің нұсқасын түсінуге көмектеседі  –  дәрігермен бірге шешім қабылданатын немесе толығымен оның ұсыныстарын орындайтын жағадайларда.

Дискінің жарығын  хирургиялық емес немесе оперативтік тәсілдермен емдеуге болады. Шешім қабылдай отырып, келесі тұстарды ескеру қажет:

Диск жарығының көптеген жағдайлары емделіп, жазылады, және ауырсыну бірнеше ай бойы тыныштық, медикаментоздық емдеу, инъекциялар және реабилитация секілді хирургиялық емес емдеуден кейін азаяды.  Хирургиялық  емес емдеу аурудың симптомдарын едәуір азайтуға және науқастың күнделікті қызметіне оралуына көмектеседі.

Егер дискінің жарығының салдарынан науқаста күшті ауырсыну немесе жамбаста және аяқтың ұйып қалуы (құяң) болса, операция жеңілдету әкеледі. 

Егер айқындалған құяң бір айдан артық созылса, оперативтік емдеу туралы ойлану қажет. Оперативтік емдеуден кейін ауырсыну тезірек өтуі ықтимал. Бірақ, тәжірибеге сай хирургиялық емес емдеудің 4-8 жылынан кейінгі нәтижелер хирургиялық емдеудің нәтижелерімен ұқсас келеді. 

 
Дискінің жарығы дегеніміз не?

Омыртқаны құрайтын сүйектер бір-бірінен амортизациялайтын (соғылуды жұмсартатын) шағын дискілермен бөлінген. Пішіні жағынан дискілер дөңгелек және жалпақ, тығыз сыртқы қабатымен (капсула немесе сақина), олар сілікпе тәрізді заттекті (ядроны) қоршап тұрады. Бұл дискілер сау болғанда, амортизатор (соғылуға жұмсартқы) секілді әрекет етеді және омыртқаға икемділік береді. Диск жарақаттың салдарынан, табиғи тозудан, қартаюдан немесе аурудың салдарынан  зақымдалған кезде олар өзгеше түрде шығыңқы болып немесе жарылуы мүмкін. Бұл жағдай дискінің жарығы немесе протрузиясы аталады.

Дискінің  жарығы немесе протрузиясы жұлыннан нерв тарамдарының ажыраған жерінде нервті қысуы мүмкін. Мұндай қысу ауырсынуды, ұйып қалуды, шаншуды, әлсіздікті немесе аяқтың рефлекстерін жоғалтуды туындатуы мүмкін. Бұл кезде кейде белде ауырсыну пайда болады. Бірақ, көптеген жағдайда дискінің жарығының симптомдары болмайды.  Егер МРТ-зерттеуінде дискінің жарығы болса, дәрігер бұл зерттеу нәтижесін медициналық тексеріп,қараудың нәтижесімен мұқият салыстырып, симптомдардың себебі МРТ кезінде анықталған дискінің жарығы болуына көз жеткізеді. 

Қандай жағдайда диск жарығының хирургиялық емес емдеуі қолданылады?

Көпшілік жағдайда дискінің жарығы хирургиялық емес емдеудің бірнеше айынан кейін емделіп, жазылады. Хирургиялық  емес емдеуге жататындар: қысқа мерзімдік тыныштық күй, ауырсынуды дәрімен басу және емдік дене шынықтыру, сондай-ақ, дәрігер тағайындаған жаттығулар кешені. Дискінің жарығына шалдыққан науқастардың шамамен 50%  - 1 айдан кейін, ал көпшілігі  - 6 айдан кейін сауығады. Тек науқастардың  10%-да  - 5 аптадан кейін күшті ауырсыну сақталады, бұл кезде оперативтік емделу қажеттігі туындайды. 

Егер хирургиялық емес емдеудің 6 аптасынан кейін науқастың жағдайы жақсарса, бұл оның организмінің әрі қарай операциясыз сауығу мүмкіндігін көрсететін оң белгі саналады.  Көбінесе, организм дискінің заттегін өзі жояды, бұл нервтің қысылуына байланысты туындаған ауырсынуды және басқа симптомдарды азайтады. Бұл үрдіс резорбция аталады.

 

Диск жарығына қатысты операция қашан жасалады?

Оперативтік емдеу диск жарығы ауруына шалдыққан адамдардың шамамен, 10 пайызына жасалады. Дәрігерлердің көпшілігі, әдетте, оперативтік емдеуді қолдануды қарастырудың алдында 1-3 ай  күтеді. Егер осы уақыт ішінде хирургиялық емес емдеу әдістерімен науқас табыссыз емделсе, операция туралы ойлану қажет. Кейде дискінің жарығы 6 айдан астам уақыт бойы ауырсынуды, әлсіздікті немесе ұйып қалуды туындатады, бұл жағдайда нервтің қайтымсыз зақымдануы пайда болуы мүмкін, және мұндай адамдарда  оперативтік емдеудің пайдасы аз болады.

Диск жарығына қатысты операция ауырсынуды азайту және қимылдар мен қызметтің  көлемін қалпына келтіру мақсатында жасалады. Оперативтік емдеу келесі жағдайларда көрсетілген:

  • Науқасты аяқтағы ауырсыну мазалайды, сондай-ақ, әлсіздік және күнделікті белсенділіктің шектелуі бар. 
  • Объективті тексеру нәтижелері науқастан әлсіздікті, қимылдың қалыпты көлемінің шектелуін, сезімталдықтың бұзылысын немесе рефлекстердің өзгеруін анықтайды. 
  • Магниттік -резонанстық томография (МРТ), компьютерлік томография немесе миелограмма секілді диагностика әдістері дискінің жарығын операциялық жолмен емдеу қажеттігін көрсетеді.

Диск жарығына қатысты операция келесі жағдайларда жасалады:

  • Дискінің жарылуы немесе нерв түбіртектерінің қысылуының себебі болатын диск заттегінің бос бөліктерін алып тастау. Егер құяңның күшті ауырсынуы хирургиялық емес емдеудің 4-6 аптасынан кейін өтпесе, дәрігер науқасқа оперативтік емдеуді ұсынуы мүмкін. 
  • Нервтің күрделі зақымдануын туындатқан дискінің жарығы немесе протрузиясы. Нервтің зақымдануына тән симптомдар аяқта сезіледі және оған әлсіздік, координацияны жоғалту немесе сезімталдықты жоғалту жатады. 
  • Тек хирургиялық жолмен емдеп, жазуға болатын сүйектің құрылымдық бұзылыстары  (бұл жағдайларда хирургиялық емес емдеу орынсыз болады).

Дискінің жарығы кезінде қандай операциялар жасалады?

Диск жарығы кезінде аса жиі және жақсы зерттелген оперативтік араласуға жататындар:

Дискэктомия – бұл нерв түбіртегін немесе жұлынды қысып тұрған дискі жарығының заттегін алып тастау. Бұл операция, сондай-ақ, дискінің протрузиясында немесе жарылуында жасалады. Дискэктомия  - хирургиялық емес емделуі табыссыз болған, еңбекке қабілетінен айыратын күшті ауырсынуы бар адамдар үшін оперативті емдеудің аса тиімді түрі. 

Ламинотомя және ламинэктомия – бұл операциялар омыртқаның жасқа байланысты туындайтын жұлынның және/немесе жұлын түбіртектерінің қысылуын азайту мақсатында жасалады. Ламинотомия кезінде жұлынның үстінде қорғаныс доғалын құрайтын омыртқалардың жұқа бөлігінің үлесі алынып тасталады (lamina – немесе пластина аталатын); ламинэктомия кезінде жеке омыртқалардың үстіндегі пластинка толықтай алынып тасталады, сондай-ақ, кейде омыртқалардың саңылауы, жұлын сарысуы өтетін жұлын каналын тарылтатын қалыңдаған тін кесіледі. Бұл операциялардың кез келгені дискэктомиямен қатар немесе өздігінше орындалуы мүмкін.

Тері арқылы дискэктомия жарықтың жұлын каналы арқылы шығып тұруын құрайтын диск протрузиясында қолданылады. Бұл операция кезінде арқадағы кішкентай тілік арқылы арнайы аспап енгізіледі; одан кейін дискінің жарығы кесіледі немесе дренаж жасалады, бұл кезде оның өлшемі азаяды. Тері арқылы дискэктомия  ашық дискэктомияға қарағанда тиімділігі төмен операция саналады, қазіргі кезде ол сирек қолданылады.

Диск жарығына қатысты опрерациялардың қосарланған қауіптері қандай?

Дискэктомия және микродискэктомия – диск жарығы кезіндегі операциялардың жиі түрлері – олар әдетте, жақсы көтерімді және асқынуы сирек. Бірақ, операция кезінде нерв түбіртектерін немесе жұлынның құрылымдарын зақымдаудың аздаған қаупі бар. Кейбір науқастарда операция аумағында үлкен тыртық қалады. Сондай-ақ, операциядан кейінгі инфекциялық асқынулар қаупі де бар, олар бұрынғы зақымдануды ушықтыруы мүмкін. Инфекциялық  асқынуларды емдеуде үрдістерді тоқтату үшін  антибиотиктер және қосымша операциялар қажет болуы мүмкін. 

Кез келген операция қауіппен қосарланады. Сонымен қатар, жалпы наркозға тән қауптердің салдарынан емдеуші дәрігер және медицина қызметкерлері науқастың жағдайын операция кезінде және одан кейінгі кезеңде мұқият қадағалайды.

Диск жарығы кезіндегі операциялар қаншалықты тиімді?

Ұзақ уақыт бойғы, адамның әдеттегі белсенділігін бұзатын, күшті әсерлі ауырсынуды басатын құралдарды қажет ететін симптомдар байқалатын адамдар операциядан едәуір жеңілдік алады. Зерттеулерге сай, оперативті емдеу төменгі-белдік диск жарығынан туындаған орта дәрежелі құяңы бар адамдарда жоғары, оң нәтиже береді. Хирургиялық емдеудің нәтижелерін 5 жылдық ғылыми  зерттеуіне енгізілген 402 адамның ішінде  хирургиялық емес емдеу қабылдаған адамдардың  56% салыстырғанда,  70%-да түбегейлі симптомдар бойынша жақсару байқалған.

Кейбір адамдар операцияға өмірлік жағдайлары тез сауығуды талап еткенде барады. Дене еңбегімен айналыспайтын адамдар үшін қалыпты қызметіне оралу 2-4 аптадан кейін болады, дене еңбегінің адамдарына 8-12 апта қажет болады. 

Көптеген адамдар күнделікті қызметін операциядан кейін жуық арада жалғастырады. Кейбір жағдайда дәрігер науқасқа операциядан кейінгі реабилитация курсын ұсынуы мүмкін, оған арнайы емдік дене шынықтыру және үйде орындайтын жаттығулар кіреді.

Емдеудің қандай әдістері бар? Келесі нұсқалары бар:

  1. хирургиялық емес емдеуді қолданып көру (мысалы, тыныш күйде болу, физио-емдеу және дене жаттығулары, сондай-ақ, дәрілік құралдар). 
  1. Операция жасау.

Диск жарығын оперативтік емдеуді қолдайтын  пікірлер

  • Науқаста еңбекке қабілетті жоғалтуға апаратын күшті ауырсыну, аяғының ұйып қалуы немесе әлсіздігі. 
  • Аяғы жағынан симптомдар 4 апталық  хирургиялық емес емдеуден кейін азаймайды. 
  • Нерв түбіртегінің қысылу белгілері күшейген (аяқтағы ауырсыну күшейген, сезімталдықтың жоғалуы айқындалған,  салдану немесе күшейген әлсіздік, координацияны жоғалту, рефлекстерді толықтай жоғалту). 
  • Науқастың жұмысы еңбекке қабілетін тез қалпына келтіруді талап етеді 
  • Операциядан кейінгі бірнеше апта бойы реабилитация режимін мұқият орындай алу. 

 

Диск жарығын оперативтік емдеуге қарсы пікірлер

  • Науқас диск жарығынан  жазылу үшін физио-емдеу, жаттығулар, дәрілік құралдар кіретін хирургиялық емес емдеу әдістерін таңдайды. 
  • Науқастың симптомдарын жоюға опрерацияның кепілдігі жоқ. 
  • Оперативтік емдеудің хирургиялық емес емдеуге қарағанда ұзақ уақытқа кепілдігі жоқ. 
  • Операция инфекциялық асқынулармен, баяу жазылуымен, қосымша операциялар қажет болуы қаупімен қосарланған.
  • Кез келген операцияда жүрек талмасы (миокард инфаркті) секілді асқыну бар. 
  • Науқасқа қайта операция қажет болмауының кепілдігі жоқ.

Емдеудің басқа түрлері

Науқас  дәрігермен бірге белдің ауырсынуының денелік, психологиялық, тәжірибелік және баламалы емдеу әдістерінің бірін таңдап алады. Біреулер қысқа мерзімдік емдеуді ұнатса, басқалар белдің симптомдарын өмір бойы өздігінше емдеу құралдарын қалайды.

Кешенді емдеу және реабилитация  бағдарламалары

Белдің созылмалы ауырсынуын біріккен дұрыс емдеу әдістерін іздеудегі оңтайлы шешім – интеграциялық бағдарлама. Кешендік реабилитациялық бағдарламалар емдік әдістемелердің және мамандардың алуан түрін ұсынады. Мұндай бағдарлама белдің созылмалы ауырсынуын емдеудің аса тиімді әдісі саналады.

Белдің  ауырсынуын жоюға қатысты дене жаттығулары - белдің созылмалы ауырсынуын емдеудің және бақылаудың екі тиімді әдісінің бірі. Күнделікті дене жаттығулары арқаның ауырсынуын тиімді жойып, белдегі ауырсынуды ұзақ уақытқа азайтуға апарады. 

Психо-емдеу белдің жіті және созылмалы ауырсынуын, еңбекке қабілетсіздікті азайта алады.

Жұлынды ынталандыру белдің күшті, созылмалы ауырсынуы жағдайында қолданылуы мүмкін.

Белдің ауырсынуын емдеудің тәжірибелік емдеу әдістемелері

Белдің ауырсынуынан зардап шегетін адамдар үшін ұдайы жаңа тәжірибелік әдістер әзірленіп, ұсынылады. Егер науқас осындай әдісті қолданғысы келсе, дәрігерден міндетті түрде бұл емдеудің тиімділігінің және қауіпсіздігінің ғылыми дәлелдері туралы, сондай-ақ,  осы әдістемені өзінің қолдану нәтижесі туралы сұраңыз. Төменде келтірілген емдеу әдістемелері тәжірибелік саналады және кеңінен қолданылмайды. Олар ұзақ уақыт бойы зерттелмеген, бірақ, белдің ауырсынуының кейбір түрлерін емдеуде болашақты әдіс ретінде көрсетілген.

  • Диск ішілік электротермиялық емдеу (ВДЭТ) – зақымданған омыртқа дискінің салдарынан туындаған белдің созылмалы ауырсынуын емдейді. 
  • Ботулиндік токсин (Ботокса) инъекциялар белдегі ауырсынатын бұлшық ет түйілуін басуға көмектеседі. 
  • Омыртқалардың аксиалдық декомпрессиясы арқаның омыртқа дискілерінің қысылуынан болатын ауырсынуды басуға көмектеседі.

Белдің ауырсынуын кешенді емдеуде және өздігінше емдеудегі қосымша әдістер

Төменде келтірілген қосымша емдеу әдістері белдегі ауырсынуды азайту үшін қолданылады.

  • Уқалау белдің жіті және созылмалы ауырсынуын азайтудың тиімді әдісі, әсіресе, арқаға күтім жасау әдістеріне үйретумен, жаттығулармен бірге. 
  • Мануалдық остеопаттық емдеу жақсы зерттелмеген, бірақ, белдің ауырсынуын емдеу үшін болашақты әдістеме саналады.
  • Акупунктура (инемен емдеу) – ғылыми зерттеулердің соңғы жүйелік шолуына сай акупунктураның белдің ауырсынуын емдеудегі  тиімділігі дәлелденбеген. 
  • Антидепрессанттар көмегімен релаксация әдістемесі бұлшық ет ширығуын және депрессияны азайтуға көмектеседі.

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.