.

Біз Халықаралық Біріккен комиссияның Алтын Растау Белгісіне ие болдық | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Біз Халықаралық Біріккен комиссияның Алтын Растау Белгісіне ие болдық

2014 ж. 20-23 қазан аралығында «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-да Халықаралық Біріккен комиссияның (JCI) мүшелері аккредиттеуден өткізіп, біздің Орталық аккредиттеу сертификатына сәтті қол жеткізді.

Орталық 2011 ж. бері JCI белгілері бойынша аккредиттеуге дайындық процесін бастады. Бұл жетістік - қызметкерлер еңбегінің, олардың сенімі мен осы кезеңдегі талпыныстарының жемісі.

Осы жетістікке қол жеткізудің басты себебі – емделушіге, Орталық қызметкерлері қолданатын кәсіби тәсілдемеге және тұрақты жақсартуға бағытталған қызметтердің сапасы.

JCI аккредиттеуі дегеніміз не?

JCI аккредиттеуі – бұл медициналық жәрдемнің жоғары сапасын растайтын сертификат. Аккредиттеу әлемдік стандарттар деңгейіне жеткен медициналық мекеменің өз бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұндай аккредиттеуге дайындық кезінде медициналық мекеме өз жұмысын қайта қарап, оның жақсартуға тырысады.

JointCommissionInternational (JCI) – халықаралық үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым. Оның міндеті білім беру және кеңес беру қызметтерін көрсету, сондай-ақ халықаралық аккредиттеу және сертификаттау жолымен халықаралық қауымдастықта медициналық қызмет көрсету сенімділігі мен сапасын тұрақты жақсарту болып табылады. Ол 1917 ж. АҚШ-та құрылып, бүгінгі күні әлемдегі ең беделді аккредиттеу ұйымы болып табылады.

JCI аккредиттеу кезінде не ескеріледі?

Медициналық мекемені бағалау мынадай параметрлер бойынша жүргізіледі:

·         Көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы

·         Емделушілердің қауіпсіздігі

·         Медициналық мекемені тұрақты жетілдіру

JCI аккредиттеуі барысында тәуелсіз халықаралық комиссия емдеу мекемесін жан-жақты тексеруден өткізеді. Дәрігерлердің дипломдарынан және дәрілерді таңбалаудан бастап өртке қарсы қауіпсіздік шараларына дейін бәрі мұқият тексеріледі. Емделушілердің құқықтарына және оларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. JCI аккредиттеуіне дайындық барысында медициналық ұйымның ойлау жүйесі өзгереді. Дәрігерлер клиникада болған жағдайларға емделушінің көзқарасымен қарай бастайды, барлық емдеу кезеңдерін талдайды, ықтимал қауіп-қатерлерді алдын ала анықтап, олармен күресуге тырысады.

Алтын Мақұлдау белгісін алу фактісі JCI сапа стандарттарына сәйкесуін білдіріп, біздің орталықтың жыл сайын бір жарым миллион емделушіге көрсететін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ресми түрде, халықаралық деңгейде мойындау туралы куәландырады. Орталық  қызметкерлерінің ортақ күші, дайындыққа жете қарау және түрлі бөлімшелердің жемісті ынтымақтастығы тексеруден сәтті өтуді қамтамасыз етті. 

Орталық  қызметкерлері болашақта емделушілерге сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет көрсетуге кепілдік беру мақсатында өз міндеттемелерін осы беделді сәйкестік белгісін алуға мүмкіндік берген жұмыс қағидалары мен әдістеріне сәйкес орындауды жалғастырады.

Біз Халықаралық Біріккен комиссияның Алтын Растау Белгісіне ие болдық

Бұл нені білдіреді?

 Халықаралық Біріккен комиссияның Алтын Растау Белгісі дегенімізне®?

Біздің мекеме Халықаралық Біріккен комиссияның мұқият бағалауынан өтті. Бағалаудың мақсаты – біздің мекеменің сапалы және қауіпсіз қызмет көрсету бойынша Халықаралық Біріккен комиссияның жоғары стандарттарына сәйкестігіне көз жеткізу. Біздің мекеме Халықаралық Біріккен комиссияның барлық стандарттарына сәйкес болғандықтан, біз халықаралық деңгейде танылған сапа белгісі - «Алтын Растау белгісіне » ие болды.

Халықаралық Біріккен комиссия әлемнің 20,500-ден артық ұйымынак кредиттеуден өткізді, сондай-ақ ол медициналық қызмет көрсету бойынша жоғары сапа стандарттарын құру арқылы медициналық қызмет көрсетуді  тұрақты жақсартуға айрықша назар аударады. Халықаралық Біріккен комиссия стандарттарды белгілеу кезінде дәрігерлермен, медбикелермен, сондай-ақ сапа және қауіпсіздік сарапшыларымен бірге кеңесе отырып, қолданыстағы стандарттарды қарастырады және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды.

Аккредиттеу дегеніміз не?

Аккредиттеу біздің қызметкерлердің медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі салаларды қайта қарау мен жетілдіру үшін қосымша күш салғанын білдіреді.

Халықаралық Біріккен комиссияның аккредиттеуі денсаулық сақтау саласындағы алтын стандарт болып саналады. Денсаулық сақтау саласындағы арнайы оқытылған, өз салаларының сарапшылары болып табылатын мамандар аталмыш мекемеге шолу жасап, біздің қызметкерлердің мынадай бағыттардағы жоғары біліктілігін атап көрсетті:

•        медициналық күтімге қажетті қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету

•        Сізге диагностика мен емдеудің тәуекелдері мен мүмкіндіктері жайында кеңес беру

•        сіздің емделуші ретінде құқықтарыңызды, соның ішінде құпиялылық құқықты қорғау

•        диагноз қою және емдеуге дейін, оның барысында және одан кейін сіздің жағдайыңызды бақылау

•        сізді жұқпадан қорғау

•        төтенше жағдайларда әрекетету жоспары.

 Мен аккредиттеу туралық айдан көбірек біле аламын?

Халықаралық Біріккен комиссияның аккредиттеуі туралы толығыр ақақпарат алу үшін www.jointcommission.org.сайтына кіріңіз. Денсаулықсақтау саласындағы Алтын Растаубелгісіне иеболған басқада аккредиттеуұйымдарын табуүшін Халықаралық Біріккен комиссияның веб-сайтындағы «Сапаны тексеру» бөліміне немесе www.qualitycheck.org сайтына кіріңіз.

Әрқашан медициналық көмек алу кезінде Халықаралық Біріккен комиссияның Алтын Растау белгісін сұраңыз.

Халықаралық Біріккен комиссияның миссиясы

Денсаулық сақтау ұйымдарын бағалау және қауіпсіз және жоғары сапалы көмекпен қамтамасыз етудің үлгісі ретінде, басқа серіктестермен ынтымақтаса отыра, денсаулық сақтау саласында халыққа көрсетілетін қызметтерді үздіксіз жетілдіру.

 

Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана