Екі күндік нәрестенің өмірін сақтап қалдық!
2015 жылғы 2 сәуірде Павлодарда жүрек функциясы созылмалы жетіспеушілігі дертімен қыз бала дүниеге келді.
Жүктіліктің 28 апталық мерзімінде магистральдық қан тамырлардың транспозициясы анықталып, кардиохирургпен кеңес жүргізілді. Астана қ."ҰҒАБО" АҚ-да тууға рұқсат беріліп, балалар кардиохирургының кеңесі ұсынылды. Астана қ. "ҰҒКО" АҚ-да жедел емдеу ұсынылды.
2015 жылғы 9 сәуірде жаңа туған нәрестені «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-ға тасымалдау жоспарланды. Алайда, баланың жалпы жағдайының күрт нашарлауына, яғни 50% - ға дейін десатурацияға (оттегінің жетіспеушілігі) байланысты, «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-ның интервенциялық кардиолог-дәрігері Отарбаев Эрик Берікұлы шұғыл түрде Павлодарға жедел ота жасауға шықты. 2015 жылғы 3 сәуір күні түнде Рашкин отасы жасалды. Ота сәтті жасалып, сатурация 94-96% пайызға жетті.
Әрбір ана жаңа туған сәбидің өлімнен аман есен сақтап қалуына бақыттың берілгендігін түсінеді.
Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана