.

Ішек бактериялары қабыну үрдістерін азайтып, адамның иммундық жүйесіне көмектеседі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ішек бактериялары қабыну үрдістерін азайтып, адамның иммундық жүйесіне көмектеседі

Жапондық ғалымдардың дәлелдеуіне сай, ішек бактериялары адам организміндегі қабыну үрдістерін жоюға,  иммундық жүйеге ішек ауруларымен күресуге көмектеседі.

Бактериялар тағам құрамына кіретін талшықтарды қорытуда өнідірілетін май қышқылдарының және целлюлоза ацетобутиратының  көмегімен адамға қабыну үрдістерімен күресуге көмектеседі.

Жаңалық Канагава қаласындағы физикалық-химиялық зерттеулер Институты (RIKEN) жанындағы интеграциялық медицина Орталығының зерттеушілер тобымен жасалған. Ғалымдар сынаққа алынған тышқандар организміне жасалған бірқатар тәжірибелер нәтижесінде ішек бактерияларының әрекет етуін, жануарлардың ішегінде өтетін химиялық үрдістерді  бақылай алды.

Ішек ауруларына шалдыққан науқастардың ішегінде болатын бактериялар май қышқылдарын және целлюлоза ацетобутиратын жеткілікті мөлшерде өндіре алмайтындығы жайлы зерттеушілерге белгілі болды. Мамандар бұл жаңалықтың аталған заттектердің негізінде асқазан-ішек жолдарының қабыну үрдістерімен қосарланып өтетін ауруларды, мысалы, Крон ауруын, емдеуге арналған дәрі-дәрмек жасауға көмектесетіндігіне сенімді.