.

Қазақстанның медициналық терапиясы саласындағы тәжірибемен бөлісу | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қазақстанның медициналық терапиясы саласындағы тәжірибемен бөлісу

 Қарқынды жүрек терапия бөлімшесінің (ҚЖТБ) медбикесі Лэси Xоливис және Медицина университетінің балалар кардиохирургия бөлімшесінің (БКХБ) директоры Герхард Циммер денсаулық сақтау саласындағы тәжірибемен бөлісу мақсатында Қазақстанға, Астана қ. «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-ға келді. Аталмыш жұп қыркүйек айында Астана қ. Екінші жыл сайынғы кардиология хирургиясы конгресіне қатысты. Г.Циммер балалар кардиохирургиясы бойынша 6 ота жасап, хирургия бөлімшесінің бұрынғы студенттерімен жаңа әдістемемен бөлісті. Холивис медициналық терапия бойынша тәжірибені талқылау үшін басшымен және медициналық қызметкерлермен кездесті.

Лэси Холивистің сөздерінен.

Қазақстанға сапар барысында мен «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-да кездесулерге, оталарға және қазақ мәдениетінің негізін құрушы - кофе-брэйктерге толы 2 күнімді өткіздім.

Мен «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-ның медбикелері маған сұрақтар дайындап қойғанын сездім. Бір уақытта мен аудармашының көмегімен сұрақтарды жаудырған 10 медбикенің ортасында отырып, өзімді бір танымал тұлға ретінде сезіндім!

Оларды жұқпамен күресу жөніндегі сұрақтар алаңдатады, бірақ ҚЖТБ медициналық қызметкерлер басқарушысының мәлімдемесі бойынша ҚЖТБ 2 жыл бұрын госпитальді ашу сәтінен бастап әлі мұндай мәселелерге ұшыраспаған. Бұған мен таңғалдым.

Мен ҚЖТБ медициналық қызметкерлерінің жетекшісімен, балалар КХБ, ересектер КХБ және медициналық қызметкерлердің басқарушысымен кездесіп, оған біздің отадан кейінгі іс-шаралардың және палата бланктерінің (тізімінің) көшірмелерін көрсеттім. Аудармашының көмегімен біз бланктің әр тармағын орыс тілге аудару үшін қарап шықтық.

«Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-да отадан кейінгі медициналық терапияның бізбен ұқсастықтары өте көп екен, бірақ  айырмашылықтары да бар. Мысалы, медбикелер хирургтан емес, ал анестезиологтан тапсырма алады. Анестезиолог – бұл оңалту бөлімшесінде емделушіге қарайтын және емделушіні отадан кейін ҚЖТБ-де бақылайтын, бұйрық беретін және емделушіні экстубациялайтын (жасанды оттегіні жіберу аппаратынан ажыратады) маман. Балалардың көпшілігі ота күні немесе одан кейінгі күні экстубацияланады. Олар паралитиктерді пайдаланбайды, седацияны да өте мұқият пайдаланады және балалар өздерін жақсы сезінеді.

Біздің бөлімшеде сияқты медбикелер газды талдауға қан жинайды, өмірлік маңызы бар симптомдарды бағалайды және сағат сайын диагностика жүргізеді. Медбикелер мен дәрігерлер бір команда ретінде жұмыс істейді.

Мен доктор Г. Циммермен екі күндік кардиохирургия конгресіне қатысқан кезімде конференциядағы сұрақтарды талқылаудан гөрі, госпитальдегі өз экспериментім туралы жазуды шештім. Мен «Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығы» АҚ-ның медбикелерімен және дәрігерлерімен әңгімелесу кезінде көп нәрсені меңгердім.

Мен әрқайсысына тәжірибе алу және басқа мемлекетте медбике немесе  дәрігер болудың мәнін түсіну үшін осындай сапарларға ең болмаса бір рет шығуға кеңес бердім.

Менің осы сапардан түсінгенім, біз әлемнің қай түпкірінде болсақ та, бәріміздің мақсатымыз бір – емделушілердің қамын ойлау және мұны аса қауіпсіз жолмен жүзеге асыру.

 

Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана