.

Компьютерде жұмыс істеуде көру нашарлауының қалай алдын алуға болады? | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Компьютерде жұмыс істеуде көру нашарлауының қалай алдын алуға болады?

Ғылыми расталғандай, компьютердің мониторы  немесе басқа қондырғы алдында көп сағаттар өткізуде көздің шаршайтындығы белгілі, дегенмен, мұндай шаршаумен күресудің  және көру нашарлауының алдын алудың біршама тәсілдері бар.

Көбінесе, компьютердің мониторына сағаттар бойы көз алмай қарап отыруға тура келеді,

Осының салдарынан, адамның көзі шаршап, тітіркеніске ұшырап, құрғайды. Кейде компьютердің алдында ұзақ жұмыс істеу кезінде көрудің бұлдырауы да кездеседі. Стистика мәліметтеріне сай, әдетте, жұмысы электрондық қондырғы мониторына тапжылмастан, ұзақ қараумен өтетін адамдардың 50-ден 90 пайызына дейінгі санында  көру нашарлауының белгілері байқалады.

Көруге мұндай қолайсыз әсер ету бірқатар факторлармен байланысты. Мысалы, әдетте, адам кірпігін  минутына 18 рет қағады, бұл көзді қоршаған ортаның зиянды әрекетінен тазартады. Ал адам жұмысқа назарын салып, компьютердің мониторына қарап отырған кезінде кірпік қағу жиілігі азаяды, бұл көзұясы бетінің құрғауына және тітіркенуіне апарады, осыдан қызару, шаршау секілді қолайсыз сезімдер пайда болады. Сондықтан, компьютер мониторы алдында жұмыс істеген кезде жиі кірпік қағуға тырысыңыз.

Сонымен қатар, электрондық қондырғы мониторының көзге тым жақын орналасуы да көруге зиян келтіруі мүмкін. Мониторға тым жақындап немесе оны көзге жақын әкеліп мәтіндерді оқу кезінде  көру фокусы артады, мұндайда әріптерге, ұсақ нысандарға қарауда көз көбірек шаршайды.  Бұл әдет көруді нашарлатуымен қатар бас ауруын, көз бұлдырауын, жүрек айнуын тудыруы мүмкін.  Жұмыс кезінде монитордан қол созымдай қашықтықта орналасуға тырысыңыз.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде үзіліс жасаған маңызды. Әрбір 20 минут сайын, 20 секунд бойы алысқа қарау арқылы үзіліс жасау қажет.  Жоғарыда келтірілген барлық қарапайым ұсыныстарды қадағалау арқылы қауіпсіз көруге қол жеткізесіз.