Қосымша бір өмір немесе жаңа жүрек!
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ тәжірибесіндегі жүрек трансплантациясы жүрек патологиясы бар едәуір күрделі науқастардың өмірін құтқаруда тиімді шара ретінде нық бірінші орын алады.
2015 жылдың 20 - нан 21 - не қараған түнде жүрек трансплантациясын орнату бойынша 14 сәтті операция жасалды. Бұл оңай емес операцияны Юрий Владимирович Пя асистенциясымен №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі кардиохирург дәрігер Серік Темірханұлы Бекбосынов жасады. Өз тәжірибесінде Серік Темірханұлы осындай операцияны алғаш рет жасады.
Оның тәжірибесінде ауыр жүрек патологиясы бар емделушілерге ашық жүректе операция жасау бар. Серік Темірханұлы - жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау бойынша инновациялық операцияларды жүргізетін, белгілі танымал дәрігерлердің бірі. Ол осындай күрделі операцияларды жасай білетін, әлемдегі ең жас кардиохирург дәрігер ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталды.
Донорлық органдардың тапшылығы - жахандық мәселе және бұл мәселе барлық елдерде бар, соның ішінде Қазақстанда. Алайда, осы жағдайда сәттілік біздің жақта болды! Жаңа жүрек органдарды 12 сағатқа дейін сақтай алатын, «Трансмедикс» арнайы құралын қолдана отыра, Қостанай облысынан біздің қалаға жеткізілді. Ми қанайналымының ауыр бұзылуы диагнозы бар ер адам донор атанды. Жаңа өмірді Оңтүстік Қазақстан облысынан жас 29 жасар реципиент алды. Осы уақытта емделуші жағдайы тұрақты, ол өзін жақсы сезінеді және емдеуден шығаруға дайындалуда.
Өз шешімімен адам өмірін сақтап қалған донор туысқандарына шын ықыласымызды білдіргіміз келеді.
Сонымен қатар, жүрек тасымалдауы барысында қол ұшын берген Қостанай облыстық ауруханасы дәрігерлеріне және де сүйемелденуі үшін ГАИ - ге, жеделділігі үшін санитарлық авиация қызметіне ізгі ниетімізді білдіреміз.
Қазақстанның жетекші кардиохирургы Юрий Владимирович Пя өз шәкірттерін тәрбиелеуде. Енді міне, Қазақстандағы жүрек трансплантациясы бойынша операциялар баяу, бірақ нық және дұрыс жолда «рутийлік» операциялар санатына қосылуда.
Адам денсаулығы – бұл адамның амандығына және ұлттың дамуына жол болып табылады.
Источник: Национальный Научный кардиохирургический центр г. Астана